Мамыр айында облыс полицейлері ішкі істер органдарында есепте тұрған төрт мыңға жуық адамды тексерді. Жұмыс “Есепте тұрған” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілді.
Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды, сондай-ақ бұрын сотталғандарды тексеру арқылы қайталанатын қылмыстың алдын алуға баса назар аударылды. Мысалы, ресми түрде әкімшілік қадағалауға жататын адамдарға қатысты 774 тексеру жүргізілді. Бұл – ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегендер. Сот шешімімен 15 адам әкімшілік қадағалау санатына ауыстырылды. Сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тарапынан 23 заң бұзушылық анықталды, олардың екеуі бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.
Әсет ҚАНАФИН.