«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автобуста тегін жүреді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда Халықаралық ба­лаларды қорғау күніне орай 1 мау­сым күні 18 жасқа дейінгі өрендер қо­ғам­дық көлікте тегін жүреді. Бұл жа­йында Петропавл қалалық әкімдігінің ма­ман­да­ры айтты.

Жалпы бұл күні балаларға арнал­ған ауқымды мерекелік бағдарлама жоспарланған. Іс-шаралар легі сағат 13:00-де басталады. Мәселен, ор­талық алаңда “Балғын балалар – біз­дің болашағымыз!” атты концерт­тік бағдарлама, шахматтық турнир, “Sum­mer dance” атты қала мектепте­рі­нің шығармашылық топтарының қатысуымен заманауи билер фестивалі өтпек.

Облыстық балалар мен жасөспі­рім­дердің шығармашылығы орталы­ғы алдындағы алаңда балалар ас­фальтта сурет салудан жарысып, ро­бототехникадан шеберлік сағатына қатыса алады. Құтқарушылар “Менің қауіпсіздігім өз қолымда” атты ар­найы бағдарлама ұсынбақ.

Тұңғыш Президент саябағында жас­өспірімдер арасында шағын фут­болдан турнир, бард әндерінің фес­ти­валі, спорттық эстафеталар өткізу жоспарланған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp