«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі сатқан әйел

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының 30 жаста­ғы тұрғыны есірткі саудалағаны үшін сотталды. Сот оған 10 жыл 5 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Полицейлер есірткі жа­сырушы әйелді өткен жылдың күзін­де ұстаған болатын. Кейін оның пәте­рінен 1 килограмм 113 грамм “α-PvP” немесе “тұз” деп аталатын қауіпті есірткі тәр­кіленді. Бұл затты оның Астана қа­ласынан әкелгені анықталды. Қазір ол бас бостандығынан айыру орын­дарында жазасын өтеп жатыр. Жыл ба­сынан облыста соттар есірткі сау­да­лаушыларға қатысты 10 үкім шы­ғарды. Облыс полицейлері қаңтар айынан бастап заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp