Қазақстан – өз тарихы, мемлекеттік тілі, астанасы, Ата Заңмен бекітілген рәміздері бар мемлекет. Мемлекеттік рәміздер – ел Тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлігінің дәлелі. Әрбір азамат өз елінің патриоты бола отырып, мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік атрибуттардың мазмұнын терең білу және түсіну – елдіктің маңызды элементтеріне деген қызығушылықты, құрмет пен мақтанышты арттырады.
Азаматтарды, әсіресе өскелең ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу үшін мемлекеттік рәміздер ерекше маңызға ие. Сондықтан оларды көп пайдалануға көңіл бөлінеді. Осы саладағы заңнамалық реттеу “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық заңның негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалуға қойылатын негізгі талаптар “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар”, “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар” құжаттарында бекітілген.
Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі керек, ал мемлекеттік органдар ұлттық стандарттар талаптарын және мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастыру жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті.
Ұлттық стандарттар талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану мен орналастыру қағидаларын бұзғандар еліміздің “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі стандарт талаптарына сай болуы тиіс. Елтаңбаны дайындаудың технологиялық әдісінде түстер мен элементтердің сызықтық өлшемдерінің арақатынасы пропорционалды болуымен қатар, ол сапалы материалдардан жасалуы керек. Элементтердің тұтастығы мен симметриясының бұзылуына, дақтарға жол берілмейді. Тудың ені мен ұзындығы 1:2 мөлшерінде болуы керек. Ту сапалы материалдан жасалып, оның суға, күннің көзіне, желге төзімділігі жоғары болғаны жөн. Егер рәміздердің жасалуы ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 418-бабына сәйкес жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын пайдалану және Әнұранын орындау кезінде белгіленген тәртіп бұзылса, тиісті заңнаманың 458-бабы негізінде жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және олардың бейнелерін, ел заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланса, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану міндетті болып табылатын жағдайларда бұл талап ескерілмесе, лауазымды адам 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заң бұзушылық қайталанса, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Екатерина ПАРШИНА
Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінің бас маманы.