«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 2, 2023

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДЫ

Ақжар ауданының тұрғындары мені сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихатқа депутат етіп сайлағаннан кейін өзіме жүктелген сенім үдесінен көрінуді басты мақсат етіп отырмын. Бұл шақырылымға дейін бес жыл халық қалаулысы болған азды-көпті тәжірибеме сүйене отырып, берілген аманатқа қиянат жасамауды абыройлы борыш санаймын. Иә, ауылдықтарды толғандыратын мәселелер әлі де аз емес. Толғақты проблемаларды тұрғындармен кездесу, көшпелі мәжілістер өткізу …

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДЫ Read More »

ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары кезінде маңызды құжаттарға қол қойылған болатын. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысы мен Қытайдың Шэньси провинциясы арасында байланыс орнату туралы келісім. Екі ел сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, білім және ғылым, қаржы салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзит әлеуетін арттыруға мүдделі. Осы мақсат аясында өңірімізге аспан …

ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ Read More »

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШ

Облыстық прокуратурада мемлекеттік және өкілетті органдардың алименттік төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмысы баяндалды. Қазіргі уақытта 8 мыңнан астам бала алимент алады. 2021 жылдан бастап облыстық прокуратураның үйлестіруімен өкілетті органдар алимент бойынша жалпы борышты – 1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн. теңгеге дейін азайтты. Қадағалау органының өкілдері балалардың құқықтарын кемсітуге болмайтындығын және оларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу ата-аналардың …

АЛИМЕНТ БОЙЫНША БОРЫШ Read More »

“ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ” ҚҰРЫЛДЫ

Облыстық мәслихаттың жанынан “Тәлімгерлер кеңесі” атты консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ұйым құрамы кезінде мемлекеттік қызметте еңбек еткен, тәжірибелері зор аға буын өкілдерінен жасақталды. – Ұйымның мақсаты – өңірдегі өзекті мәселелерді қарастыру, пікір алмасу, шешу жолдарын ұсыну. Осы мақсатта біз кеңес құрамына мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол ардагерлерді қабылдадық, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы …

“ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ” ҚҰРЫЛДЫ Read More »

Халыққа жылдам интернет қажет

Өңір тұрғындары тарапынан байланыс желісі мен интернет сапасына көп шағым айтылады. Әсіресе ауылдағы ағайын ғаламтордың ғажабын сезіне алмай жүр. Айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша жылдам хабар алғызар байланыс желісінің де сапасы сын көтермейді. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев “Beeline Қазақстан” компаниясының бас директоры Евгений Настрадинмен кездесіп, өңірді сапалы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жайында сөйлесті. …

Халыққа жылдам интернет қажет Read More »

ЕГЕМЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез кел­ген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибут­тар. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ұлт­тық болмыс ерекшеліктерімен сипат­талып жасалған. Бұл рәміздерді жа­саушылар үлкен шы­ғармашылық ізденіс танытқаны байқалады. Қазақстан Республикасы Мемле­кеттік туының авторы – Қазақстан­ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Тәуелсіз Қазақ­станның Мемлекеттік Туы ресми түр­де 1992 жылы қабылданды. Көгілдір түсті …

ЕГЕМЕНДІКТІҢ БЕЛГІСІ Read More »

РӘМІЗДІ ҚАСТЕРЛЕУ – ЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ

Қазақстан – өз тарихы, мемлекеттік тілі, астанасы, Ата Заңмен бекітілген рәміздері бар мемлекет. Мемлекеттік рә­міздер – ел Тәуелсіздігінің, халық пен билік бірлі­гінің дәлелі. Әрбір азамат өз елінің патриоты бола отырып, мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті. Мемлекеттік атрибуттардың мазмұнын терең білу және тү­сіну – елдіктің маңызды элементтеріне деген қызығушы­лықты, құрмет пен мақтанышты арттырады. Азаматтарды, әсіресе …

РӘМІЗДІ ҚАСТЕРЛЕУ – ЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ Read More »

Көк тудың желбірегені

Балуандық – ата-бабамыздан жалғасқан ежелгі өнер. Аты аңызға айналған, жауырыны жерге тимеген қазақ палуандары қаншама?! Ал солардың ізін жалғастырып, боз кілемде ел намысын абыроймен қорғап жүрген бүгінгі балуандарымыз мақтауға да мақтануға да тұрарлық. Солтүстікқазақстандық Аман­ғали Бекболатов – ел сенімін ақтап жүрген спортшылардың бірі. Жуырда Қырғызстанда өткен ха­лықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, қола жүлдегер атанды. Әр …

Көк тудың желбірегені Read More »

БАПТАЙ БІЛСЕҢ — ЖЕР ЖОМАРТ

Өңір диқандары биыл 4 ,5 млн. гектар жерге дәнді дақыл сіңіріп, олардан мол өнім алуды жоспарлап отыр. Мамыр айының басында көктемгі егіске кірісіп кеткен шаруалар бүгінде науқанды аяқтауға жақын. Бидайдың шығымды­лығы, сапасы бірнеше факторға тәуелді болса, соның бірі – тұқымның дер кезінде жерге сіңірілуі. Өңіріміздегі Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы 70 жылға жуық уақыт …

БАПТАЙ БІЛСЕҢ — ЖЕР ЖОМАРТ Read More »

Қызыл жалын жазда өршиді

Облыста жаздың аптап ыстығы басталып, өрт қаупі артып келеді. Құтқару­шылардың айтуынша, төтенше жағдайлардың 70 пайыздан астамы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Азаматтық қорғаныс офицерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастыруда. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басты­ғы Рамиль Камаловтың айтуынша, бүгінде өртке қарсы тұру үшін об­лыста қажетті күштер мен құрал-жабдықтар жеткілікті. Жалпы өртсөндірушілер гарнизонында 175 бірлік автотехника, оның …

Қызыл жалын жазда өршиді Read More »

Қанатқақты жоба

Өңіріміздің “Жедел жәрдем” қыз­меткерлері өздерін қорғау үшін ша­қыртуға барған кезде енді аудио және бейне жазба жүргізеді. Қанат­қақты жоба жуырда іске қосылды. Облыстық Жедел медициналық көмек көрсету орталығының дирек­торы Юрий Белоногтың айтуынша, Денсау­лық сақтау министрлігінің “Жедел ме­дициналық көмек көрсету қағида­ларын бекіту туралы” бұйры­ғына сәйкес Жедел медициналық көмек көрсету орталығының қыз­мет­кер­ле­рі шақыртуларға аудио және бейнетіркеу құрылғылары­мен барады. …

Қанатқақты жоба Read More »

“Қазақстан барысында”өңір намысын қорғайды

Әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы: “Таңғалуға бір-ақ сәт жетеді, ал таңғалдыруға адамның ғұмыры да жетпейді”, – деген екен. Күллі әлем мойындаған балуанның сөзімен келіспеу мүмкін емес. Дүниежүзі елдерінің топырағын басып, көрмеген жерді көріп, белдескеннің жауырынын жер иіскеткен балуанның ізін жалғау­шылар қазір де баршылық. Әзірге әлемді мойындатпаса да, Қызылжар өңіріндегі жанкүйерлерді таңғалдырған Шал ақын ауданының ту­масы Қанат …

“Қазақстан барысында”өңір намысын қорғайды Read More »

МЕҢГЕСЕРДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ — МЫҢ ДЕРТКЕ ЕМ

Өңірімізде жаз маусымында жергілікті тұрғындар демалуға жиі баратын орындардың бірі – Меңгесер көлі. Суының құрамы Өлі теңізге пара-пар көлге көрші Ресейден, өзге де алыс-жақын мемлекеттерден арнайы келіп, ем қабылдайтындар көп. Облыстың киелі жерлерінің картасына енген тұзды көлдің қасиеті өңір тұрғындарына бұрыннан таныс. Шілде айының ортасынан бастап белі ауырып, буыны сырқыраған жұрт көлге қарай ағыла бастайды. …

МЕҢГЕСЕРДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ — МЫҢ ДЕРТКЕ ЕМ Read More »

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров “Арман” балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Өңір басшысы мекеме ұжымымен кездесіп, орталықта тәрбиеленіп жатқан балғындармен және жасөспірімдермен әңгімелесті. “Арман” орталығында облыс аудандарынан келген 12 бала қажетті медициналық және психологиялық көмек алуда. Мекеме тәрбиеленушілеріне барлық жағдай жасалған. Балаларға медициналық массаж, физиотерапия жаттығулары сынды қызмет түрлері көрсетіліп, логопед пен психологтың қатысуымен сабақтар …

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА Read More »

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ

Петропавлда облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының бірлескен отырысы өтіп, Парламент Сенатының депутаты сайланды. Саяси шараны облыстық мәслихаттың төрағасы Владимир Бубенко ашып, отырысқа қалалық, аудандық, облыстық деңгейдегі 193 депутаттың –180-і, сондай-ақ кандидаттардың сенімді өкілдері, байқаушылар, БАҚ өкілдері қатысып отырғанын жеткізді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев заңға сәйкес, Парламент Сенатының депутаты барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары …

ӘСЕМ РАХМЕТОВА — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ Read More »

БАЛА КҮЛСІН ШАТТАНЫП…

Халықаралық балалардың құқықтарын қорғау күніне орай бірқатар мерекелік іс-шаралар өтіп, оған мыңдаған ұл-қыз қатысып, жаймашуақ жазды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды. Аталмыш шаралардың ең ірісі Оқушылар сарайында ұйымдастырылды. “Ғылым әлеміндегі балалар” атты фестиваль аясында елуден астам іс-шара өтіп, оларға аудандардан келген 3 мыңнан астам бүлдіршін қатысты. “Балалық шақтың сиқырлы әлемі” атты концерттен соң түрлі ба­ғыттар …

БАЛА КҮЛСІН ШАТТАНЫП… Read More »

Зілдің сүйегі

Облыстық тарихи-өлке­­тану музейіне бас сұққан мей­мандар палеонтология залын­да тұрған зілдің (мамонт) сүйектеріне таңданыспен қа­райды. Олар 1926 жылы та­былған. – 1926 жылғы 15-қыркүйекте Көкшетау маңындағы “Степняк” ал­тын кенішінен зілдің сүйегі табы­лып, мұражайға жеткізілген. Оған қоса археологиялық жағынан құн­ды басқа да заттар әкелінген. Оларды қазу және жеткізу ақысы төленген. Мамонттың сүйегін тап­қан Көкшетау оязының Капитанов­ка ауылының мұжығы …

Зілдің сүйегі Read More »

Кәсіпкер шығынды өтейді

Көктемде Аққайың ауданын­дағы Тереңкөлде балық қырылған болатын. Мамандар мән-жайды анықтау үшін балықтың өлек­сесі мен су сынамасын алған. Жүргі­зілген сараптамаға сәйкес, ведомствоаралық жұмыс тобы балықтың неден қырылғанын анықтады. Облыстық экология департа­менті баспасөз қызметінің хабар­лауынша, Тереңкөл көлінің таяз учаскелері түбіне дейін қатып, со­ның салдарынан балық қырылып қалған. Қыста су айдындарының қату тереңдігі 1,0-1,5 метрге жетіпті. Осы ретте …

Кәсіпкер шығынды өтейді Read More »

Ғасырлық тарихы бар

Есіл ауданындағы “Явленка” метеостансасы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тізіміне енді. “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының директоры Қымбат Мерға­лимованың айтуынша, көпжылдық ме­теорологиялық бақылаулар – қазіргі және болашақ ұрпақтардың ұзақмер­зімді, жоғары сапалы климаттық жаз­балардағы қажеттіліктеріне қызмет ететін адамзаттың таптырмас мәдени және ғылыми мұрасының бір бөлігі. Былтыр “Қазгидромет” кәсіпорны өзінің ғасырлық мерейтойын атап өт­кен болатын. Бірақ еліміздің аума­ғында …

Ғасырлық тарихы бар Read More »

Экспортқа тыйым – өндіріске тұсау

Өңірдің орман пайдаланушылары пелет, өнеркәсіптік ағаш жоңқаларын және отын брикеттерін экспорттауға салынған тыйымды алып тастауды сұрады. Өткен жылдың желтоқсан айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республикадан ағаштың жекелеген түрлерін, оның ішінде кесілген ағаш қалдықтарынан жасалған өнімдерді экспорттауға тыйым салған болатын. Бұл өнімдер Еуропа елдерінде кең сұранысқа ие. Тыйым салынғалы бері орман пайдаланушылар қалдықтарды жағып, толық …

Экспортқа тыйым – өндіріске тұсау Read More »