«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІ” ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың жанынан “Тәлімгерлер кеңесі” атты консультативтік-кеңесші орган құрылды. Ұйым құрамы кезінде мемлекеттік қызметте еңбек еткен, тәжірибелері зор аға буын өкілдерінен жасақталды.

– Ұйымның мақсаты – өңірдегі өзекті мәселелерді қарастыру, пікір алмасу, шешу жолдарын ұсыну. Осы мақсатта біз кеңес құрамына мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол ардагерлерді қабылдадық, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы Елена Степаненко.

Тоғыз адамнан құралған кеңестің алғашқы отырысына жергілікті атқарушы орган басшылары шақырылды. Жиын барысында олар кадр мәселесін көтерді.

– Ветеринария саласында маман аз. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті жоғары оқу орнында ветеринар мамандығын ашу керек. Бұл мамандық еліміздің басқа қалаларында оқытылады. Жастарымыз ҰБТ тапсыратын кезде дәрігер болуды армандайды. Бірақ ұпайы жетпей, мал дәрігері мамандығына түседі. Осылайша басқа қалаларға кетуге мәжбүр. Оқуын тамамдағаннан кейін сол жақта қалып қояды, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Жанат Әміржанов.

Кеңес мүешелері ветеринар жастардың қатарын көбейту үшін олардың жан-жануарға деген мейірімін арттыру керек деген ойларын айтты. Шынында да жастарымыз мал дәрігері мамандығына қызығушылық таныта қоймайды. Бұл мәселе жүйелі шешімді талап етеді. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Жанат Әміржанов мал дәрігерлеріне құрметпен қарап, беделін арттырған жөн деген пікірін білдірді. Қазіргі таңда “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы аясында қолдау көрсетілгенімен, бұл әлі де жеткіліксіз.

Отырыс барысында түрлі сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Тәлімгерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Қызметте пайдасы тиетін өмірлік кеңестерін айтты.

Аснурия АБДУЛА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp