«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қызыл жалын жазда өршиді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жаздың аптап ыстығы басталып, өрт қаупі артып келеді. Құтқару­шылардың айтуынша, төтенше жағдайлардың 70 пайыздан астамы жеке тұрғын үй секторында тіркеледі. Азаматтық қорғаныс офицерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастыруда.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басты­ғы Рамиль Камаловтың айтуынша, бүгінде өртке қарсы тұру үшін об­лыста қажетті күштер мен құрал-жабдықтар жеткілікті. Жалпы өртсөндірушілер гарнизонында 175 бірлік автотехника, оның ішінде 89 – негізгі мақсаттағы, 12 – арнайы мақ­саттағы, 74 қосалқы мақсатта­ғы көліктер бар.

– 2022 жылдың соңында рес­публикалық бюджет қаражаты есе­бінен өрт сөндіру қызметіне АЦ-5-40 өрт сөндіру автоцистернала­ры­ бар 4 “КамАЗ-43253” көлігі, “JAC S5” жеңіл жедел автокөлігі, “ГАЗ-27527” өтімділігі жоғары жедел-құтқару машинасы түсті. Бұл техниканың барлығы аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне жеткізілген. Оны Ақжар, Уәли­ханов, Мамлют және Жамбыл аудандары алды, – деді Рамиль Камалов.

Жергілікті атқарушы органдар­дың есебінен “КамАЗ” көлігіне жаңа автоцистерна, тіркемесі бар жоғары өтімді құтқару моторлы қайығы, заманауи радиостанция, пневматикалық жастықтар және апаттық-құтқару жұмыстарында пайдаланатын пиротехникалық қайшылар сатып алынды. Мате­риалдық-техникалық базаны ны­ғайту бағытындағы жұмыстар биыл да жалғасады.

“Облыстық бюджет есебінен тіркемесі бар гидроцикл, трансом­дық тақтасы бар үрлемелі қайық, сондай-ақ көптеген өрт-техника­лық және құтқару жабдық­тарын сатып алу жоспарланған. Олар­дың отызы “Auer” тыныс алу аппа­раты, оқу-жаттығу мұнарасы, теп­ловизорлар, – деді Рамиль Ка­малов.

Осы жылдың бірінші тоқсанын­да өңірде 109 өрт оқиғасы орын алды. 10 адам қаза тапты. Бұл өт­кен жылдың сәйкес кезеңімен са­лыс­тырғанда аз. Қызыл жалын кел­тірген залал 83 пайызға қысқа­рып, 31 млн. теңгені құрады. Департа­мент бастығы барлық өрт­тер­дің 77 пайызы тұрғын үйлерде болаты­нын айтады. Қаза тапқан 10 адам­ның 9-ы жеке секторда тұрған.

– Жергілікті атқарушы орган­дар, полиция және еріктілер ұйым­дары өкілдерінің қатысуымен жеке тұрғын үй секторларында рейдтік іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат жылыту пештерін жөндеуге, электр сымдарын ауыс­тыруға, газ және түтін датчиктерін сатып алуға және т.б. көмек көр­се­ту үшін жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі ұйымдарға жібе­рі­леді, – деді Рамиль Кама­лов.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp