«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Фермерлерге – 7,5 млрд. теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайтқыш­тарды суб­сидиялауға 13251 өтінім берген. Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9027 өтінім бар, 2040 өті­ніш қабылданбады, ал 7,5 млрд. теңге сомасына 2184 өтінім ма­құлданды және тиісті сома төленді.

Ауыл шаруашылығы министрлі­гі­нің хабарлауынша, бұған дейін “gosagro.kz” порталында өтінімдер­дің үштен бірі қабылданбады. Мем­лекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сəйкес 2023 жылы 1 қаң­тарда күшіне енген агрохимия­лық картограммалардың болмауы, сондай-ақ алқаптарды цифрланды­рудағы қиындықтардың туындауы.

Солтүстік аймақтармен салыс­тырғанда оңтүстікте шағын егістік ал­қаптары бар фермерлер басым. Бұл мəсе­лені шешу үшін салалық ве­домство 2023 жылы 25 сəуірде жо­ғарыда аталған қағидаларға агрохи­миялық картограммаларды пайда­лану жө­нін­дегі талапты алып тастау бойын­ша түзетулерді бекітті, сон­дай-ақ 2023 жылғы 31 желтоқсан­ға дейін “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ-ы арқылы егістіктерді цифр­лан­дыруды кейінге қалдыру ұсы­нылды.

Белгіленген мерзімге дейін фер­мер­лер осы егістіктерді құқық бел­гілейтін құжаттарға сəйкес міндетті түрде түзетуі қажет екенін атап өткен жөн. Тиісті кестені Ауыл шаруашы­лығы министрлігі “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ-мен бірлесіп да­йын­дап жатыр. Сондай-ақ субси­дия­лар­ды алуға облыс əкімдіктерінің ты­ңайтқыштарды субсидиялау тіз­бе­лері мен нормалары туралы тиісті қаулыларының болмауы кедергі болды.

Жергілікті атқарушы органдар нор­мативтерді тек наурыз айынан бас­тап, мамырға дейін бекіте бас­та­ды. Атап айтқанда, Атырау облы­сын­да қаулы осы күнге дейін қабыл­дан­ған жоқ. Өңірлік əкімдіктің ақпа­раты бойынша құжат жақын арада бекіті­летін болады. Жалпы тыңайт­қыш­тар­ды субсидиялауға өтінім­дер­ді беру “gosagro.kz” порталы арқылы то­лық автоматтандырылған, дерек­тер­ді “қолмен” енгізуге жол беріл­мей­ді. Бұл мемлекеттік қолдау кезін­де ада­ми факторды болдыр­майды, яғни бюд­жет қаражатын тиімді жəне ұтым­ды пайдалануға мүм­кіндік бе­реді.

Сонымен қатар үкімет қаулысы­мен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекеле­ген түрлерінің тізбесі бекітілді. Бұл шара осы өнімді ел аумағынан шы­ғаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр. Аталған норма фермерлерге аса қажет аммоний нитраты және ам­мофос сияқты тыңайтқыштар түрле­рі­не қатысты. Ішкі нарықты, әсіресе, көктемгі егіс маусымы кезінде осы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатпен Үкімет олардың құнын 50 пайыз көлемінде субсидиялайды.

Абай АЙМАҒАМБЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp