«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 5, 2023

Ұстазым, менің ұстазым

Адамзат қай кезеңде де ұстазға ерекше құрмет көрсетіп, пір тұтқан. Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз – ең аяулы, қадірлі жан. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, педагогикалық еңбек ардагері Әлия Малдыбаеваның 70 жасқа толуына орай өткен әдеби-сазды кеш – соның жарқын дәлелі. Өңіріміздің білім саласының дамуына зор үлесін қосқан ұстазды …

Ұстазым, менің ұстазым Read More »

“Шашу” үмітті ақтады

Астанада “Ғажайып жұлдыздар” атты халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған байқау өтті. Аталған бай­қау­да өңір намысын қорғаған “Ме­рей” өнер мектебінің “Шашу” дом­бырашылар ансамблі топ жарып, жеңімпаз атанды. Халықаралық байқау қатысушы­лары хореография, вокал, аспаптық орындаушылық және оригинал жанр аталымдары бойынша бақ сынаған. – Байқауға қатысқандардың бәрі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Со­ған сай бәсеке де жоғары болды. …

“Шашу” үмітті ақтады Read More »

Ет сататындардан пара алған

Петропавл қалалық сотының үкі­мімен мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор пара алғаны үшін сотталды. Оған параның 35 есе­ленген сомасы мөлшерінде, яғни 5 млн. 200 мың теңге айыппұл са­лынды. Облыстық сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы Жанар­бек Бусурмановқа қатысты қылмыстық іс бойынша мән-жайлар бұрын­ғы мемлекеттік қызметші жұмыс іс­те­ген ұжымда қаралды. “2023 жылдың ақпан-наурыз айлары …

Ет сататындардан пара алған Read More »

Төртінші орынға түсті

Футболдан ел біріншілі­гінің 12-ші турында “Қызыл­жар” клубы Қоста­найда “Тобыл” командасына қарсы ойын өткізді. Бұл кездесуге дейін қы­зыл­жарлықтар турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан. Қоста­найлық­тар болса, жетінші сатыға жай­ғасқан еді. Матчтың бірінші бөлігі ал­ма-кезек шабуылдармен өтті, бі­рақ есеп ашылған жоқ. Екінші тайм да теке-тіреске толы болды. Алғашқы гол тек 75-ші ми­нутта соғылды. Нәтижелі соққы­ның авторы – …

Төртінші орынға түсті Read More »

Қызылшаға шалдыққан

Өңірімізде жыл басынан бері бес бала қызылша ау­руына шалдықса, соның еке­уінде диагноз зертханалық жолмен расталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департа­менті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, елімізде қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, биыл 5 айда 715 адам ауырған. “Қызылшамен ауырған бала­лар­­дың біреуі оны Алматыдан жұқ­тырып келген. Екіншісі ешқайда шық­паған. Қазір бір бала инфек­ция­лық бөлімде стационарлық ем алып …

Қызылшаға шалдыққан Read More »

“АРТЫҚ ҒЫЛЫМ – КІТАПТА”

Кітаптың құндылығы жайында дана халқымыз “Білімнің бастауы кітап”, – десе, данышпан Абай “Ар­тық ғылым кітапта, ерінбей оқып кө­ру­ге”, – дейді. Ал ұлы драматург Шекс­пир “Кітап маған тақтан да қым­бат” деп, кітаптың құдіретін, оның мәр­тебесін онан әрі асқақтатқан бо­латын. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құ­нанбаев “Интернатта оқып жүр…” де­ген өлеңінде “артық ғылым” деген ұғымды қолданады. Бұл өлеңдегі …

“АРТЫҚ ҒЫЛЫМ – КІТАПТА” Read More »

Жұрт сүйсінер жұп

Бір салада қоян-қолтық еңбек етіп, көптің көзайымына айналып жүр­ген жұптар бар. Олардың әңгі­месі үйде де жараса кетеді, жұмыста да ойлары бір жерден шығады. Бір-бірінен бүгіп қалар сыры, жасырып қалар құпиясы жоқ. Екеуі шаңырақта да, түзде де бір-біріне демеу. От­басылық жауапкершілікті бір сәтке ұмыт қалдырмай, адал көтеріп жүр­ген осындай отбасы жайлы жаз­бақпын. Ерлі-зайыпты Самат Жапаров пен …

Жұрт сүйсінер жұп Read More »

Балаларына берешек

Петропавлда баласына бес жыл бойы алимент төлемеген тұр­ғын қылмыстық жауапкершілікке тар­тылуы мүмкін. Оның осы ара­лық­тағы қарызы 5 млн. теңгеге жуықтаған. Облыстық жеке сот орындау­шы­лары аймақтық палатасының мә­ліметінше, борышкерге қатысты атқарушы­лық өндіріс 2018 жылы қозғалған. Ол кәмелет жасына толмаған ұлы­на барлық табысының ¼ шамасын­да алимент төлеуі тиіс. Алайда бо­рышкер перзенті алдын­дағы мінде­тінен құтылуға асығар емес. “Борышкерге …

Балаларына берешек Read More »

Үздік мектеп анықталмақ

Облыс орталығында “Орта білім берудің үздік ұйымы” атты байқау өтті. Облыс әкімінің гранты сарапқа салынған сайысқа 16 білім беру ұйымы қатысты. Оның 13-і – аудан, ал қалғаны – қала мектептері. – Қатысушылар – аудандық ке­зеңнен сүрінбей өткендер. Аудан­дар­да 40-50 ұйым сынға түсті. Бай­қаудың мақсаты – педагогтардың ең үздік тәжірибелерін анықтау және тарату, – дейді білім …

Үздік мектеп анықталмақ Read More »

Ақсудың жанашыр азаматтары

Солтүстіктің жанға жайлы салқын самалы ерекше әсер сыйлап, жүректі тербейді. Жазық дала жаздың келгенін көрсеткісі келгендей түгел жасыл түске боялыпты. Күре жолдың бойынан әр жерге бір орын тепкен шағын ауылдар көзге шалынады. Ой мен қыры аз даланың көкжиегінде сағым бұлдырайды. Әр жерге бір шашырай топтасқан қайыңды ормандар сол сағымның ортасында теңіз бетіндегі жасыл аралдай елестейді. …

Ақсудың жанашыр азаматтары Read More »

Таңдауымыз – адал бәсекелестік

Үкіметтің 2021 жылғы 30 наурыз­дағы қаулысына сәйкес 7 маусым – монополияға қарсы орган қызмет­керлері күні ретінде жарияланған болатын. Еліміздің алғашқы моно­полияға қарсы ведомоствосы 1991 жылы 7 маусымда құрылды. 1994 жылы Баға жөніндегі комитетпен біріктіріліп, қайта ұйымдасты­рыл­ды. 2003 жылы Табиғи монополия­ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі деп аталды. 2020 жылы Президентке тікелей есеп беретін Бәсекелестікті қорғау …

Таңдауымыз – адал бәсекелестік Read More »

Бағзыдан жеткен билер соты

Облыс орталығындағы жоғары құрылыс-экономикалық коллед­жінде “Өркениет тоғысындағы Шы­ғыс дипломатиясы: Билер соты. Сот төрелігі. Медиация” тақырыбында конференция өтті. Атал­мыш шараны Қазақстан халқы об­лыстық ассамблеясы Қаз дауысты Қазыбек бидің 356 жылдығы ая­сында өткізді. Мазмұнды шарада Қазы­бек би туралы аңызға бергісіз әңгі­менің тиегі ағытылды. Халқымыз­дың тарихында өшпес із қалдырған Қазыбек би туралы нақты деректер бізге беймәлім. Дегенмен ел …

Бағзыдан жеткен билер соты Read More »

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

“Елім-ай” дастанының 300 жылдығына орай Түркістанда конференция өтті Қазақ өмірінің шежіресіне айналып, әдебиетіміздің “Иллиадасы” атанған Қожаберген жыраудың “Елім-ай” тарихи дастанының дүниеге келгеніне биыл 300 жыл толып отыр. Туындыда ұлтымыздың бес ғасырлық тарихы баяндалады. “Елім-ай” әсіресе “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдарынан хабар беруімен құнды. Биыл аталған мерейтой Үкімет қаулысы негізінде ел көлемінде аталып өтілуде. Оған сай …

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ Read More »

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АЙБАРЫ

Елімізде ұлтты ұйыстырып, жастарды отансүйгіштікке баулуға себеп болатын мерейлі күндер аз емес. 4 маусымда аталып өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні осындай ұлық мерекелердің қатарында. Бұл күні жұртшылық Ту, Әнұран, Елтаңбамызға құрмет көрсетіп, басын иеді. Рәміздеріміз – мыңжылдық тарихымыздың айнасы. Онда көшпелі өмірдің шежіресі сөйлеп тұр. Аталған мейрамға солтүстікқазақстандықтар да үн қосып, орталық алаңда бас қосты. Қарапайым …

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АЙБАРЫ Read More »

БІР БАСЫНА МЫҢ САН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН

Ғасырлар қойнауынан көне заманның күмбіріндей бізге жеткен домбыра үні тыңдаушының жүрек қылын шертіп, әсемдік әлеміне жетелейді. Сол киелі өнерді қастерлей ұстап, ел-жұртын ән шәрбатымен сусындату – арқалы әншінің ғана қолынан келетін дүние. Аспандағы аққуға үн қосып, сал-серілер дәстүрін жалғастырған, тыңдасаң мейір қандырар асқақ әнді жанына серік етіп, өмірінің мәніне айналдырған өнер иелерінің бірі – Қызылжар …

БІР БАСЫНА МЫҢ САН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН Read More »

Қоғамның айнасы

Цифрлық технологиялар, интернеттік орта мен әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу аса маңызды. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердегі материалдарға мониторинг жасайды. Президент Қасым-Жомарт То­қаев әлеуметтік желілердегі жұ­мыстың маңыздылығын атап өткен бола­тын. Бүгінгі таңда әлеуметтік желі­лер халықпен кері байланыс орна­тудың тиімді алаңы …

Қоғамның айнасы Read More »

Фермерлерге – 7,5 млрд. теңге

Отандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайтқыш­тарды суб­сидиялауға 13251 өтінім берген. Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9027 өтінім бар, 2040 өті­ніш қабылданбады, ал 7,5 млрд. теңге сомасына 2184 өтінім ма­құлданды және тиісті сома төленді. Ауыл шаруашылығы министрлі­гі­нің хабарлауынша, бұған дейін “gosagro.kz” порталында өтінімдер­дің үштен бірі қабылданбады. Мем­лекеттік қолдаудан бас тартудың негізгі себебі бекітілген субсидиялау қағидаларына сəйкес 2023 …

Фермерлерге – 7,5 млрд. теңге Read More »

Тамшылатып суару – мол өнім кепілі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ауыл шаруашылығындағы ахуалдың еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін үнемі ескертіп келеді. Осынау стратегиялық міндетті шешу жолдарының бірі – саланы дамытуға кең жол ашатын шаруалардың өзара ұжымдасуы. Қанатқақты жобаларды жүзеге асыру барысында оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал мал басы шамамен 25 пайызға …

Тамшылатып суару – мол өнім кепілі Read More »

Басты құндылық — бала құқығы

Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың алаңсыз өсуі алдыңғы толқынның парызы, мемлекеттің міндеті десек, еш қателеспейміз. Бүгінгі таңда елімізде өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін барлық шаралар қолға алынған. Әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Баланың құқығын бұзар заңсыздық орын алса, ол қадағалау органының назарынан тыс …

Басты құндылық — бала құқығы Read More »