«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Басты құндылық — бала құқығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың алаңсыз өсуі алдыңғы толқынның парызы, мемлекеттің міндеті десек, еш қателеспейміз. Бүгінгі таңда елімізде өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін барлық шаралар қолға алынған. Әсіресе кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау – прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Баланың құқығын бұзар заңсыздық орын алса, ол қадағалау органының назарынан тыс қалмайды.

Соңғы екі жылда облыстық прокуратура мамандары 47807 кәмелетке толмағандардың құқығын қорғаған. Мысалы, өткен жылы Петропавл қаласының прокуратурасы жалпы білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жүргізіп, сабақ арасындағы үзілістердің ұзақтығы қысқартылғанын, мектеп оқушыларының құқықтары бұзылғанын анықтады. Қадағалау органының актісі бойынша үзіліс уақыты заң талаптарына сәйкес өзгертіліп, 14 226 баланың құқығы қорғалды.

Үстіміздегі жылы прокуратура қаланың жалпы білім беретін мектептерінде қыс мезгілінде температуралық режім талаптарының сақталуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар өз баласына алимент төлеуден жалтарғандардан 32,5 млн.теңге қаржы өндірілді. Өткен екі жылдан бері уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру арқылы облыста алимент бойынша қарыз 1,1 млрд. теңгеден 175,4 млн теңгеге дейін азайды.

Осындай жүйелі атқарылған жұмыстардың арқасында түрлі салада кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғауға басымдық беріліп отыр. Себебі баланың құқығы бұзылса, құзіретті мемлекеттік органдар бірден әрекет етуге міндетті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp