«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұрт сүйсінер жұп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бір салада қоян-қолтық еңбек етіп, көптің көзайымына айналып жүр­ген жұптар бар. Олардың әңгі­месі үйде де жараса кетеді, жұмыста да ойлары бір жерден шығады. Бір-бірінен бүгіп қалар сыры, жасырып қалар құпиясы жоқ. Екеуі шаңырақта да, түзде де бір-біріне демеу. От­басылық жауапкершілікті бір сәтке ұмыт қалдырмай, адал көтеріп жүр­ген осындай отбасы жайлы жаз­бақпын.

Ерлі-зайыпты Самат Жапаров пен Дина Хәкімқызы аза­маттық қорғау саласында қызмет ету­де. 20 жылдан ас­там жұмыс өтілі бар Самат Жапаров бүгінде №2 маман­дандырылған өрт сөндіру бөлім­шесінің командирі, азаматтық қорғау старшинасы. Еңбек жолын қатарда­ғы жауынгер­ден бастап,аға өрт сөн­діруші, содан кейін бөлім командирі болып таға­йындалды. Ол осы күнге дейін өзіне се­ніп тапсырылған ла­уазымды абы­роймен атқарып ке­леді. Махаббат айдынында бір-бірін адаспай тапқан серіктер оқыс жағ­даймен күресте де иық тіресе еңбек етіп, елдің алғы­сына бөленіп жүр.

Дина – қорғаныс қызметінің білікті маманы. Ер-азаматтардың өзі баруға қай­мы­ғатын осындай салаға бұрымды­лардың беттей алатыны сирек. Дана Хәкімқызына осындай ерекше тағдыр бұйырған, төтенше жағдаймен кү­ресте жұбайымен бірге жүрген мың­ның бірі десе болатын­дай. Әрине, оған да бұл жүкті көтеру оңай емесі анық. Бірақ әріптесіміз қиын жұмыс­ көрсе, морт сынып кете­тіндердің қатарынан емес. Керісін­ше, үйде нәзіктігімен, қызметте қай­сарлығымен жұртшылықты сүйсінтіп келеді. Жұмысында тұрғындардың қауіпсіздігін күзетсе, үйде шаңы­рақтың шаттығын асырып отыр. Ата-анасына еріп бала­лары да облыс­тық төтенше жағ­дай­лар жөніндегі департаментке жиі ке­ліп тұрады.

– Біздің міндетіміз – зардап шек­кен адамдарды құтқарып, төтенше жағдайды жою. Бүгінде екі бала тәр­биелеп отырмыз, үлкен ұлымыз – Аса­нәлі өрт сөндіру қызметінде және департаментте өтетін барлық іс-шараларға, эстафеталарға қаты­сып тұрады. Жұбайым Дина сүйікті жар ғана емес, сонымен қатар менің жауынгерлік досым, – дейді отағасы Самат Таласбайұлы.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp