«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Таңдауымыз – адал бәсекелестік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкіметтің 2021 жылғы 30 наурыз­дағы қаулысына сәйкес 7 маусым – монополияға қарсы орган қызмет­керлері күні ретінде жарияланған болатын. Еліміздің алғашқы моно­полияға қарсы ведомоствосы 1991 жылы 7 маусымда құрылды. 1994 жылы Баға жөніндегі комитетпен біріктіріліп, қайта ұйымдасты­рыл­ды. 2003 жылы Табиғи монополия­ларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі деп аталды. 2020 жылы Президентке тікелей есеп беретін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі деген жаңаша атауға ие болды. Оған бәсекелес ортаны қор­ғау міндеті жүктелді. Бұл экономи­каны мемлекет иелігінен алуды, бә­секелестік алаңды өзгер­туді, барлық кәсіпкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасауды, нарықтарды монополия­ландыруды тоқтатуды білдіреді.

Бәсекелестікті қорғау және да­мыту агенттігінің жергілікті құрылы­мы болып табылатын облыстық де­партамент мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті ба­қы­лау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады. Өз өкілеттігі ше­гінде тауар нарықтарында бәсеке­лестікті дамы­ту мәселелері бойын­ша мемлекеттік саясатты, заңнама­ның сақталуын рет­тейді, тиісті тауар нарығында үс­тем немесе монопо­лиялық жағдай­ды теріс пайдала­нудың алдын ала­ды жояды, жо­сық­сыз бәсекелестікті болғызбайды, жолын кеседі. 2022 жылы әртүрлі тауар нарықтарын­дағы бәсекелес­тіктің жай-күйіне, оның ішінде ең өзектілері – әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауарла­рына (түйіршік­телген қант, тауық жұ­мыртқасы, көмір, ав­токөлікке сұйы­тылған мұнай газын құю) және тағы басқа қызметтер на­рығына 39, агроөнеркәсіптік ке­шен саласына (қарақұмық жармасы, барлық санат­тағы тауық жұмырт­қасы мен мака­рон өнімдерін өндіру және көтерме сату) 8 талдау жүргіз­ді. Сондай-ақ басқа сала нарықтары да (отын сү­регін көтерме және бөл­шек саудада сату, санитарлық қыз­меттер көрсе­ту, скринингтік зерттеу­лер) талдан­ды. Бүгінгі таңда нарық субьекті­лерін бәсекелестік ортаға ынта­лан­дыратын жағдайлар жасал­ғ­а­нын атап өткен жөн. Өйткені моно­полия­ға қарсы орган ескертулерге (“жұм­сақ құқық”) жүгіне алады. Ал нарық субьектілері өз кезегінде заң бұзу­шылықтарды жою және бәсеке­лестікті қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді өз еркімен қабыл­дай алады. “Жұмсақ құқықтың” не­гізгі құралдарының бірі – нарық субъектілерінің, мемлекеттік, жергі­лікті атқарушы органдардың қызме­тін реттеу функциялары мемлекет берген ұйымдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздік) бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілерінің орын алуы туралы хабарламалар енгізу. Талдаулар нәтижелері негізінде мо­нополияға қарсы орган былтыр 46 ха­барлама енгізіп, 44-і толық орын­далды. Мұндай жұмыс жүйесі тиім­ділігін көрсетіп отыр. Мәселен, “Кант-СК” ЖШС және “Козлова Н.А.” ЖК-ға қант бағасын белгілеу мен қолдауда заң бұзушы­лық бар екен­дігі ескертіліп, қанттың бағасы тиісінше 333 теңгеден 313 және 316 теңгеге дейін тө­мендетілді. “Беркат”, “Богатырский продукт “Се­вер” СҮ”, “Петропавл нан-тоқаш ком­бинаты” жауапкерші­лігі шектеулі се­рік­тестігінде кебек бағасын белгілеу кезінде заң бұзушы­лық белгілері орын алғаны анық­талды. Нәтижесінде бір тонна кебек­тің бағасы 70000 теңге­ден 57000 теңгеге дейін төменде­тілді. Осын­дай жайт “Сұлтан ЭММК” АҚ-да да кездесіп, олқылық түзетіл­ді. “РА” ЖШС медициналық жабдық­тарды жетк­ізуде мемлекеттік сатып алу конкурстарын бұрмалап, кар­тельдік сөз байласуға жол берген. Бұдан бөлек “ЗерноАгроЭксперт” ЖШС-ға қатысты тұқым сараптама­сын жүргі­зу қызметтерін сатып алу бойынша заң бұзушылық фактілері бойынша 2 іс бойынша тергеп-тексеру аяқталып, сотқа жолданды. “Алекра” және “Адель Кус” серіктестіктерінде бірін­ші санатты тауық жұмыртқасын көтер­ме бағамен сатуға қатысты 2 тексеру аяқталды. Сот шеші­мімен аталған кәсіпорындар айып­пұл түрін­де әкімшілік жауапкерші­лікке тартылып, Кәсіпкерлік кодексін бұзуды тоқтату туралы нұсқамалар енгізілді. Әкімшілік жазалар ерікті түрде орын­далды.

Департамент құқық қорғау ор­гандарымен өзара іс-қимыл аясын­да тұрақты байланыс орнатқан. Облыстық прокуратураның “Рока”, “Райгаз”, “Промгаз, “Аль-НҰР Газ” ЖШС-ларына қатысты тексерулер жүр­гі­зу туралы қаулылары негізінде өңір аумағында автокөлікке сұйы­тылған мұнай газын бөлшек сауда­да өткізу бағасын белгілеу мен қол­дауда көр­сетілген заң бұзушылық белгілері бойынша тексеріс жүргі­зілді. Нарық субъектілерінен заңсыз алынған моно­полиялық табыс өнді­ріліп, әкім­шілік жазаға тартылды. Әкімшілік айыппұлдың жалпы мөл­шері 132 миллион теңгені құрап, жергілікті қа­зынаға аударылды.

Кәсіпкерлік кодексінің 195-1-бабына сәйкес бәсекелестікті қор­ғау саласындағы заңнаманы бұзу­шы­лық­тардың алдын алу жөніндегі ша­ралар жүйесі монополияға қарсы комплаенс болып табылады. Ол – нарық субъектісі заңнаманың бұзы­луын (ықтимал бұзылуын) өз бе­тінше анықтай алады және оны уақ­тылы болдырмауға немесе тоқта­туға құқылы. 2022 жылы таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызмет­терін көрсету, бастапқы тұрғын үйді сату, қантты көтерме сату, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көму жөніндегі қыз­меттерде субъектілердің адал бә­секелестік саясаты мен ережелерін көздейтін монополияға қарсы ком­плаенстің 11 сыртқы актісі жасалды. Осы бағыттағы кешенді шаралар одан әрі жалғасып, жыл басынан бері нарық субъектілері моно­полияға қарсы комплаенстің 28 сыртқы актісін рәсімдеді (тауық жұ­мыртқасы, қарақұмық жармасы, ұн және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату, отын нарығы субъектілерімен жа­салған энергетикалық мәмілелер, ЖЖМ және сұйытылған мұнай газын өткізу). Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында нарық субъек­ті­сінің, мем­лекеттік органның, жер­гіл­ікті ат­қарушы органның лауазым­ды тұлға­ларына ескертулер жібе­рілді. Со­ның бірі “Көтерме сауда орталығы” ЖШС басшылығына қа­тысты. Себебі қала базарларындағы сауда орындары­ның жалдау ақысы негіз­сіз көтерілген.

Бәсекелестікті дамытудың негіз­гі векторларының бірі – мемлекеттің бизнеске араласуын азайту (экономи­каны мемлекет меншігінен алу.) Биыл операциялық және жұмыс жос­парларын орындау аясында “Сол­түстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалдық телерадиоарнасы” ЖШС, “Карат-Прогноз” ЖШС, “Петро­павл қаласының тұрғын үй қыз­меті” ЖШС (әкімдіктің қаржы басқар­масының ақпаратына сәйкес) бәсе­келестік ортаға беруге жатады. Осы­лайша департамент өз жоспары шеңберінде көзделген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін барлық шара­ларды қабылдайтын болады. “Қы­зылжар су” ЖШС-ның жүзеге асыр­ылатын қызмет түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге байлан­ысты монополияға қарсы органның келісімін алу үшін келіп түскен өті­ніші қаралып, тауар нарығында бә­секелестік ортаның болуына орай өтінішті қанағаттандырудан бас тарт­ылды.

Монополияға қарсы органның базасында краудсорсингтік алаң бо­лып табылатын тосқауылдар жөнін­дегі өңірлік кеңес жұмыс істейді. Оның құрамына азаматтық қоғамның, кәсіпкерлер, “Атамекен” ҰКП және монополияға қарсы органның өкілдері тартылған. Отырыстарда бәсекелестікті дамыту үшін кедер­гілерді жою шаралары талқыла­нады. Былтыр кеңестің 7 отырысы өтіп, мемлекеттік сатып алу сала­сындағы заңнамаға және Кәсіпкерлік кодекске түзетулер енгізу сияқ­ты өзекті мәселелер талқыланды. “OpenSpace” форматында 4 кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Мәрлен ХАМЗИН,

бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі облыстық департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp