«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғамның айнасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Цифрлық технологиялар, интернеттік орта мен әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу аса маңызды. Осы ретте Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру үшін БАҚ пен әлеуметтік желілердегі материалдарға мониторинг жасайды.

Президент Қасым-Жомарт То­қаев әлеуметтік желілердегі жұ­мыстың маңыздылығын атап өткен бола­тын. Бүгінгі таңда әлеуметтік желі­лер халықпен кері байланыс орна­тудың тиімді алаңы болып отыр.

Түрлі әлеуметтік алаңдарға мониторинг жүргізу азаматтардың қоғамдық-саяси бастамаларға көз­қарасын нақты бағалауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілерді үнемі бақылау арқылы азаматтардың бел­гілі бір мәселеге қатысты наразы­лығын білуге болады. Айта кету ке­рек, халықтың әлеуметтік желілер­дегі көптеген жарияланымдары қандай да бір мәселеге сілтеме жа­сайды. Сол арқылы экономикалық, әлеуметтік және басқа да сипаттағы түйіні тарқатылмаған мәселені бі­луге болады. Мұндай өтініштер мен шағымдарды шешу көбінесе билік органдарының құзыретіне жатады. Азаматтар жеке немесе топтасқан әлеуметтік желі аккаунттары ар­қы­лы түрлі жазбалар мен бейнема­териалдар таратады.

Сондай-ақ мемлекеттік орган­дар­дың да әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар. Бұл үрдіс тұрғындармен ұдайы кері байланыс жасауға ыңғайлы. Ресми парақша­ла­ры арқылы тұрғындардың сауал­да­рына жауап беріп қана қоймай, өздерінің қызметі туралы да ақ­парат таратуға қолайлы.

Пре­зиденті Жарлығымен мем­ле­кет­тік қызметшілердің мораль­дық мі­нез-құлық стандарттары бе­кітіл­ген. Алайда мемлекеттік орган­дар қыз­меткерлерінің кейбірі жұрт­шылық тарапынан келіп түсетін мә­селе­лерге немқұрайдылық таны­тады. Со­ның салдарынан қоғам тарапы­нан теріс пікір қалыптасады. Әрине, мемлекеттік қызметшілер­дің әрқай­сысының функционалдық міндеттері жеткілікті, жұмыстары көп. Алайда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жа­рияланған материалдар­мен жұмыс істеуге тиісті көңіл бөлу керек.

Мемлекеттік органдардың бас­шы­лары әлеуметтік желілерде мә­селе көтерген азаматтармен жедел байланысқа шығып, оларды шешу жол­дарын құзыретті органдармен бірлесіп қарауы қажет. Қызмет ба­ры­сында мемлекеттік қыз­метші­лер­дің ұстамдылық, жоғары мәде­ниет­тілік пен сыпайылық танытуы маңызды.

Мемлекеттік қызметшілерге әлеу­­меттік желілерде парақшалар ашуға рұқсат етіледі. Дегенмен олар­ды пайдалану кезінде қойыла­тын белгілі бір шектеулер бар, со­ларды сақтау керек. Әлеуметтік же­лілердегі беттердің мазмұны аза­маттарды арандатпауы немесе мем­лекеттік органдарға деген сенімге нұқ­сан келтірмеуі тиіс. Тыйым са­лынған заттарды қолдануға бол­май­ды. Мем­лекеттік қызметші өзі­нің діни көзқа­расы туралы жаза алмай­ды. Қым­бат көліктер, сәнді ғимарат­тар, мей­рам­ханалар сынды ойын-сауық орын­дарынан фотосуреттер жүк­теу­ге тыйым салынады. Мемле­кет­тік қыз­­меткер жұмыс уақытынан тыс уа­қыт­та да жалпы қабылданған мо­раль­дық қағидаларды ұстануы керек.

Департамент қызметкерлері өз­дерінің күнделікті жұмысында мем­лекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты БАҚ және әлеумет­тік желілерге мониторинг жүргізеді. Мысалы, мемлекеттік қызметшілер жарияланған теріс жарияланым­дар­ды мұқият қарады ма, оның дұ­рыс-бұрысын зерделеп, қандай ша­ралар қолданды?

Бір сөзбен айтсақ, әлеуметтік же­лі­лер – ақпарат тарату әлемін­дегі ең қуатты ресурстардың бірі. Оның кең мүмкіндігін елемеуге болмайды. Әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жасау арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді анық­тап қана қоймай, оларды шешуге, сондай-ақ билік органдары қызмет­керлерінің осы бағыттағы қызмет­терін бағалауға болады.

Динара ҚОНТАЕВА,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp