«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пайғамбардың шашы

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Облыс орталығындағы Ислам мә­дениеті музейіне Мұхаммед Пайғам­бардың (с.ғ.с.) шашы әкелінді. Арнайы құтыға салынған жәдігерді көруге келгендердің қарасы қалың болды. Оны бірінші болып “Қызылжар” орталық мешіті жа­нындағы Құран оқу үйірмесінің тәр­биеленушілері тамашалады.

Пайғамбарымыздың шашы қазір­гі таңда “Қазақстан қажылар қауым­дас­тығы” Түркістан облыстық филиа­лының төрағасы Қалиолла Маджа­новтың қолында. Өзбекстандық ға­лымдар сыйлаған асыл тұлғаның ша­шын ол көзінің қарашығындай сақтап келеді. Арнайы құжаты да бар. Біздің өңірімізге тасаттық беру рәсімі үшін арнайы жеткізілген. Сол күні дін өкілдері Алладан жаңбыр сұрап, дұға жасады.

– Адамзаттың асылы саналған Пайғамбарымыздың шашы ұрпақ­тан-ұрпаққа жетіп, бүгінге дейін сақ­талып отыр. Бұл тек бір кісінің үйінде тұрмауы керек. Әр өңірдің тұрғын­дары көріп, салауат айтса сауабы мың еселенеді, – дейді Қалиолла Маджанов

Құнды жәдігерді көру үшін му­зейге өңір басшысы Айдарбек Сапа­ров та келді. Облыс әкімі тасаттық берген мешіт имамдарына алғысын айтып, егіс науқанын аяқтаған ша­руалардың ісіне береке тіледі.

“Біз тасаттық намазын оқып, Жа­ратушыдан жаңбыр сұрадық. Пайғам­барымыздың жүрген жері береке­лі болған ғой. Оның шашын алдыр­туымыздың бір себебі – диқандар­дың сарқа жұмсаған еңбегіне табыс тілеу”, – дейді “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Хамзат Әділбе­ков.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp