«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 7, 2023

Бір үйдің баласындай едік

Өткен күндерді еске алсам, көз алдыма сонау жастық шағым, ауылда өткізген балғын кездерім келеді. Бұрынғы өркендеген ауыл бейнесі осы күні тәтті естелікке айналған. Қазіргі өңіріміздегі қазақ ауылдарының көбі тағдырлас. Бәрі де бір ғасыр бұрын құрылып, кейін қуғын-сүргінді, Екінші дүниежүзілік соғысты бастан өткізіп барып аяққа тұрған. Осылайша өткен ғасырдың екінші жартысында шаруашылығы дамып, күйі оңалған. Алайда …

Бір үйдің баласындай едік Read More »

Қазақшаңызды “Қазтест” тексереді

Мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін дәлелдеу үшін “Қазтест” жүйесі бойынша тестілеуден өтуге міндетті. Тестілеу М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің №6 оқу корпусында өтіп жатыр. Дәстүрлі емтихан диагностикалық және сертификаттық деген екі кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Диагностикалық тестілеу – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым бөліктері …

Қазақшаңызды “Қазтест” тексереді Read More »

Игерілген жерге талас жоқ

Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың жеке меншігіне жер алу құқығы бекітілген. Мұның өзі жеке меншіктегі жерді пайдаланумен қатар қоғамдық игілікке де қызмет ету талабын жүктейді. Бұған қоса жерді пайдаланудың шарттары мен тәртібі жер заңнамасында нақты айқындалған. Жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы жерге табиғи ресурс ретінде және қоршаған ортаның өзге де объектілеріне, сондай-ақ басқа …

Игерілген жерге талас жоқ Read More »

АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫН АУЫЗСУҒА ЗӘРУ

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында тұрғындарды толғандырып отырған су, жол және көмірмен қамту мәселесі талқыланды. Әсіресе соңғы күндері аудан тұрғындары бірінен соң бірі әлеуметтік желілерге судың қысымына қатысты шағымдарын жариялап жатыр. Бақша суармақ түгілі ішетін суға зарыққан ағайын осындай жайттар жыл сайын қайталанатынына күйінеді. Осы ретте облыс әкімі Айдарбек Сапаров қарамағындағыларға ауылдардағы ауызсу мәселесін шешуге үш …

АУЫЛДАҒЫ АҒАЙЫН АУЫЗСУҒА ЗӘРУ Read More »

Егіс науқаны аяқталды

Өңірімізде дала төсін дүбірге толтырған көктемгі егіс науқаны аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4,5 млн. гектарды құрады. Соның ішінде 3 млн. гектарға – дәнді дақылдар, 960 мың гектарға − майлы дақылдар, 355 мың гектарға жемшөп егілген. Биыл қосымша 90 мың гектар жер пайдаланылды. Егін …

Егіс науқаны аяқталды Read More »

ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров №2 жылу-электр орталығында болып, жаңа мұржаның құрылысымен танысты. Бүгіндері мұнда құлаған мұржаның орнына жаңасы тұрғызылып жатыр. Сондай-ақ қазандықтарды жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Өңір басшысы “Севказэнерго” акционерлік қоғамының өкілдерімен тілдесіп, алдағы жылыту маусымына дайындықты тездету қажеттігін айтты. – Қазір №3 түтін мұржасы жан-жақты тексеріліп жатыр. Мұнда ішкі жөндеу жұмысы аяқталды. Биыл 5 …

ЖҰМЫС КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК Read More »

МАХАББАТ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының сахнасында Т.Қ.Жүр­генов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің студенттері Уильям Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” пьесасын қойды. Әлемдегі ең танымал трагедия­ны сахналауға бел буған студенттердің өнері көрерменнің көңілінен шыққан сыңайлы. Қойылымның режиссері – 5 курс студенті Арухан Заханова. Сахна шымылдығы түрілген сәт­тен баурап алар әдемі махаббат хи­каясының …

МАХАББАТ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП Read More »

Пайғамбардың шашы

Облыс орталығындағы Ислам мә­дениеті музейіне Мұхаммед Пайғам­бардың (с.ғ.с.) шашы әкелінді. Арнайы құтыға салынған жәдігерді көруге келгендердің қарасы қалың болды. Оны бірінші болып “Қызылжар” орталық мешіті жа­нындағы Құран оқу үйірмесінің тәр­биеленушілері тамашалады. Пайғамбарымыздың шашы қазір­гі таңда “Қазақстан қажылар қауым­дас­тығы” Түркістан облыстық филиа­лының төрағасы Қалиолла Маджа­новтың қолында. Өзбекстандық ға­лымдар сыйлаған асыл тұлғаның ша­шын ол көзінің қарашығындай сақтап …

Пайғамбардың шашы Read More »

Сепаратизм үшін сотталды

Петропавлда елдің бүтін­дігін бұзуды сұрап, ұлтаралық алауыздық тудырған қала тұр­ғыны 3 жылға бас бостан­ды­ғынан айырылды. Петропавл қалалық соты Қылмыстық кодек­стің 180-бабы 2-бөлігі “Телеком­му­никация желілерін пайдалана оты­рып, Қазақстан Республикасы­ның біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау” бойынша С.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. “Петропавл тұрғыны 2021 жылғы 6 қыркүйек күні шамамен сағат 22:00-де әпкесінің ұялы …

Сепаратизм үшін сотталды Read More »

Бауырсақ пісіріп, самаурын қайнатты

Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда этнолагер­лер ашылды. Сауықтыру орталық­тары жұмысының негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізу. Жамбыл ауданындағы “Атаме­кен” этноауылында Айымжан, Ай­туар, Новорыбинка, Благовещенка мектептерінің оқу­шы­ла­ры уақытта­рын қызықты өткі­зіп, алтыбақан теуіп, бе­сасық ойнады. Театрлан­дырылған қойылым арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып­тары жайлы мол ақпа­рат берілді. Сондай-ақ балалар атқа мініп, садақ …

Бауырсақ пісіріп, самаурын қайнатты Read More »

Күн астында көп жүрмеңіз!

Өңірде он шақты күннен бері тер­мометр бағаны +35 градустан түс­пей тұр. Аптап ыстық тұрғындардың мазасын қашыруда. Әсіресе жүрек-қан та­мыр аурулары барларға қиын соғуда. “Жедел жәрдем” қызметінің көмегіне жүгінушілер саны күрт артқан. Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының дирек­торы Юрий Белоногтың айтуынша, күннің ыстығы ақ халатты жандардың да жұмысын көбейтіп отыр. Бұл күн­дері тәулігіне 450-500 шақырту …

Күн астында көп жүрмеңіз! Read More »

ЫСТАНБҰЛ ЖАУҺАРЛАРЫ

“Түркітілдес журналистер қорының” президенті Нәзия Жоямергенқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының өңірлердегі филиалдарының басшылары Түркияға сапар шектік. Қаншама ғасыр бұрын бір атадан өрбіп, бір қағанат құрамында болған түбі бір түркі халқының ұрпағы – қазақтар мен түріктердің бауырластығы, тонның ішкі бауындай ынтымақтастығы аңызға айналған. Түркиялықтар Қазақстанды түркі жұртының қарашаңырағы ретінде ерекше қадірлейді. Тарихтың небір сырларын ішіне бүккен …

ЫСТАНБҰЛ ЖАУҺАРЛАРЫ Read More »

Қалқанша безінің қатерлі ісігі

Өңірде қалқанша безі қатерлі ісігіне шалдыққан 746 адам есепке алынса, соның әр он екіншісі ғана ер адам. Әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі дерт жайында, оның белгілері мен алдын алу жолдары туралы облыстық көпбейінді аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың торакалды бөлім меңгерушісі Рашид Алиев айтып берді. Маманның айтуынша, қалқанша безі қатерлі ісігі басқа онкологиялық ауруларға қарағанда өте …

Қалқанша безінің қатерлі ісігі Read More »

Жабық хоккей корты

“Ауыл – ел бесігі” жоба­сы­ның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру са­пасы мен әл-ауқатын жақ­сар­ту, ауылдардың тұ­рақты да­муын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа қол жет­кізу үшін ауылдық елді ме­кендерде әлеу­меттік және инженерлік инфрақұры­лым­дар жаңарты­лып, тұрғын­дардың әлеу­мет­тік игілік­терге қолже­тімділігі арт­ты. “Ауыл – ел бесігі” жобасы ая­сын­да Ақжар ауданының орталығы – Талшық ауылында жабық хоккей кортының құрылысы …

Жабық хоккей корты Read More »