«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бауырсақ пісіріп, самаурын қайнатты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда этнолагер­лер ашылды. Сауықтыру орталық­тары жұмысының негізгі мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізу.

Жамбыл ауданындағы “Атаме­кен” этноауылында Айымжан, Ай­туар, Новорыбинка, Благовещенка мектептерінің оқу­шы­ла­ры уақытта­рын қызықты өткі­зіп, алтыбақан теуіп, бе­сасық ойнады. Театрлан­дырылған қойылым арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрып­тары жайлы мол ақпа­рат берілді. Сондай-ақ балалар атқа мініп, садақ атып, кілем тоқуды үйренді.

Ал Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда ашылған “Туған өлке” эт­ноауылында ұлттық ойындар ойналып, түрлі концерттік бағдарлама қойылды, түрлі тағамдар әзірленді. Бір сөзбен айтқанда, бүлдіршіндерге ұлттық рухты сезіну үшін бар жағдай жа­салды.

Облыстық білім басқармасы­ның дерегінше, біздің өңір респ­убликада алғашқылардың бірі бо­лып этноауыл жобасын қолға ал­ған.

– Этноауылдарда балалар дәс­түрлі лагерь корпустарының орны­на ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлерге орналастырылады. Ұлт­тық ойындар ойнатылады. Үлкендер қыздарға бауырсақ пісіруді үйретсе, ұл­дарға самаурын қайнатудың сыр­ы көрсетіледі. Демалушыларға ұлттық дәстүрлер түсіндіріледі. Жазда тек осы екі этнолагерьде 3700 бала демалады деп жоспар­лануда, – дейді облыстық білім бас­қармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp