«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жабық хоккей корты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Ауыл – ел бесігі” жоба­сы­ның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру са­пасы мен әл-ауқатын жақ­сар­ту, ауылдардың тұ­рақты да­муын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа қол жет­кізу үшін ауылдық елді ме­кендерде әлеу­меттік және инженерлік инфрақұры­лым­дар жаңарты­лып, тұрғын­дардың әлеу­мет­тік игілік­терге қолже­тімділігі арт­ты.

“Ауыл – ел бесігі” жобасы ая­сын­да Ақжар ауданының орталығы – Талшық ауылында жабық хоккей кортының құрылысы басталды. Бү­гінгі таңда нысанның іргетасы қала­ды. Кейін металл құры­лымы салынады.

– Хоккей кортының жалпы ау­ма­ғы 2210 шаршы метрді құрайды. Ғимараттың ішінде мұз айдынынан бөлек, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер болады, – дейді құрылыс учаскесінің прорабы Александр Шатиленя.

Жаңа хоккей кортының құрылы­сына республикалық бюджеттен 200 млн. теңгеге жуық қаржы бө­лін­ген. Құрылысқа жауапты қоста­най­лық компания нысанды үш айдың ішінде тапсырамыз деп отыр. Құрылыс басында алты адам күннің аптап ыстығына қарамастан еңбек етіп жатыр. Нысан қыс мезгілін­де хоккей кортына, ал жазда футбол алаңына ай­налады.

Ақжар ауданының құрамында 12 ок­руг, 24 ауыл бар. Бұл елді мекен­дер­дің барлығына ашық хоккей қо­раптары салынған. Ал жабық үлгі­дегі корт жоқ.

Самал ЖҮНІСОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp