«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Егіс науқаны аяқталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде дала төсін дүбірге толтырған көктемгі егіс науқаны аяқталды. Бұл туралы облыс әкімі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 4,5 млн. гектарды құрады. Соның ішінде 3 млн. гектарға – дәнді дақылдар, 960 мың гектарға − майлы дақылдар, 355 мың гектарға жемшөп егілген. Биыл қосымша 90 мың гектар жер пайдаланылды. Егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында жасымықтың егістік алқабы − 100 мың гектарға, күнбағыс − 125 мың гектарға, қыша 12 мың гектарға дейін ұлғайтылған.

− Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен толтыру үшін қарақұмықтың алқабы үш есеге, картоп, сәбіз және қырыққабат алқаптары екі есеге ұлғайтылды. Бұл шаралар өңірдің қажеттілігін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Агротехникалық шараларды жақсарту аясында биыл 180 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын 3-5 центнерге арттырмақ. Егіс науқаны қолайлы агротехникалық мерзімде өткізілді. Бүгінде шаруашылықтар егін алқаптарын химиялық өңдеуге кірісті, − деді Айдарбек Сапаров.

Өңір басшысы биыл көктемгі дала жұмысына 74 мың тоннаға жуық арзандатылған дизель отыны бөлінгенін, 15 мыңнан астам техника жұмылдырылғанын айтты. Жыл басынан бері өңір диқандары қосымша 21 млрд. теңгеге 1100-ге жуық техника мен жабдық сатып алған.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp