«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азияның алтын жүлдегерлері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайландта велоспорттан Азия біріншілігі өтуде. Оған ел құрамасы сапында өңіріміздің велошабандоз­дары қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде жерлестеріміз үш алтын жүлдені қоржынға салды.

Жарыста ересектер мен жас­өспірімдер жеке сынға түсті.

Ересек спортшылардан құрал­ған ұлттық құрама эстафета сынын­да топ жарып, 60 шақырымдық қа­шықтықта ерлер мен қыздардың ара­лас командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Отандық велоша­бандоздар жарысты 1 сағат 13 ми­нуттың ішінде бағындырды. Жеңім­паздар сапында ел намысын сол­түстікқазақстандық Махаббат Үміт­жанова да қорғады.

Ал жасөспірімдер арасында өткен эстафетада жерлестеріміз Михаил Подлужный мен Мансұр Бей­сембай алтын медальға қол жет­кізді. Сондай-ақ Михаил жеке сында да алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp