«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқырмандармен жүздесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Егеменді еліміздің рухани жаңғы­руына, кемелденуіне кітапхананың қосар үлесі зор. Ұлттық құндылығы­мызды сақтап, жазба мұраларымыз­ды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақса­тында тың жұмыстар атқарылып жатыр. Ауданның, ауылдың кітапханалары да болсын елімізде болып жатқан іс-шаралардан тыс қалған емес. Бүгінгі таңда ақпаратты пайдаланушылар­дың сұранысы жоғары, мазмұны да өзгерген. Оқырмандарға қызмет ету, оның көңілінен шығу, іздегенін тез және толықтай тауып беру – кітап­ханашыға жүктелетін зор міндет.

Есіл ауданының орталықтанды­рылған кітапхана жүйесі ұйымдас­тырған “Кітап пен оқу” фестивалі жо­ғарыда айтқан сөзімізге дәлел бо­латындай. Аталмыш кітапхананың тұ­рақты оқырманы болғандықтан, мен де осы іс-шараның куәсімін. Онда әдебиет және ертегілер кейіп­кер­лерінің шеруі өтті. Қазақ әдебиеті­нің тарихи тұлғалары Абай, Мағжан, сондай-ақ Мәрям Хәкімжанованың “Мәншүк” поэмасындағы Мәншүк Мәметова бейнесін және шетел әде­биетінен Г.Хаггардтың “Клеопат­расы”, Р.Стивенсонның “Остров сокровищ” шығармасындағы Билли Бон­саның, Джеймс Фенимор Купердің “Прерия” романындағы Бампо Натаниэль, А.Дюманың белгілі романы “Үш мушкетерының” кейіпкері Д Арта­ньян, Гогольдің “Ночь перед рождест­вом” повесіндегі Солоха, “Мың бір түн” ертегісіндегі Шахерезада және де балалар әдебиетінің кейіпкерлері Айболит, Жалмауыз кемпір, Карлсон бейнелерін сомдаған кітапхана­шы­лар оқырмандардың көңілінен шық­ты. Аудандық орталық кітапхана жыл сайын ең үздік оқырмандарды мара­паттауды дәстүрге айналдырған. Оқырмандар әр түрлі аталымдар бойынша марапатталды. “Мағжанда қонақта” библиокафесінде оқырман­дар ақиық ақынның шығармашылы­ғына арналған викторина сұрақтары­на жауап беріп, жайылған дастарқан­нан дәм татты.

Ысқақ АРҚАЕВ,

зейнеткер.

Есіл ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp