«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Парақор полицей жеті жылға сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық полиция бас­қармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Руслан Шаки­ров сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық депар­таментінің мәліметінше, Руслан Ша­киров жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа меке­месінде өтейді, полиция майоры ар­наулы атағынан айырылып, мемле­кеттік қызмет саласында жұмыс істеу құқығынан өмір бойына қол үзді. Тергеу барысында жергілікті поли­ция қызметі бөлімшесі бастығының әкімшілік заңнаманы бұзушылардан жүйелі негізде ақша жинағаны дә­лелденді.

Департамент басшысының бірін­ші орынбасары Айдос Жүнісовтің айтуынша, Руслан Шакиров 2021 жыл­ғы қаңтар мен 2022 жылғы нау­рыз аралығында тиісті құжаттарсыз жарнама орналастырған жеке кә­сіп­керді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және оған қамқорлық жа­сағаны үшін пара ретінде 50000 тең­ге мөлшерінде ақшалай қаражат ал­ған. Сондай-ақ экс-полицей заңсыз сауда фактісіне көз жұма қарағаны үшін кәсіпкерден пара ретінде 193000 теңге көлемінде ақша алған.

Бұдан бөлек, ақша төлеу арқылы тәртіп сақшысының қамқорлығында болған екі адам – М.Насимов және Ж.Садуов заңсыз кәсіпкерлік қыз­метпен айналысқаны үшін сотталды. Олар акциздік немесе есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланатын өнімдерді заңсыз сатып келген.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp