Адвокаттардың рөлі артады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қылмыс жасап, заң шеңберінде жазаларын өтеп жатқан жандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың білікті заңгерлердің көмегімен қамтамасыз етілуін қадағалау прокуратура органдары үшін басым міндеттердің бірі саналады. Әдетте мұндай қиын жағдайда қалғандар құқықтық көмектің көрсетілмеуінен жиі жапа шегеді. Бұл әсіресе адвокаттардың жұмысына кедергі келтіреді. Тергеу мен сот процесі барысында туындайтын шектеулерді де айналып өту қиын.

Бүгінде мұндай келеңсіздік­тер­дің алдын алу мақсатында жұ­мыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіліп, қылмыстық процесте қорғаушы та­раптың өкілеттіліктерін едәуір ке­ңейтетін тетіктер қарастырылуда. Бұл бағыттағы өзгерістерді одан әрі жетілдіру мақсатында бас проку­рордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен адвокаттар алқа­сының төрағасы Айдын Бикебаев­тың қатысуымен адвокаттық қоғам­дастықтың прокуратура органдары­мен өзара іс-қимыл мәселелері та­қырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында тергеу орган­да­рының жұмысын жаңғырту, қылмыстық процесте адвокаттар­дың рөлін күшейту мәселелері сөз болды. Бұл шараға өңір прокурорлары онлайн режімде қатысты.

Заңға сай адвокаттар өз қор­ғалушыларына қатысты барлық іс жүргізу құжаттарымен танысып, іс бойынша сот сараптамасын жүр­гізуге бастамашылық жасай алады. Бұл өз кезегінде сот процесінде адвокат рөлінің артуына себеп болады. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімі жүйесінде “Жария сектор” электронды порталы да іске қосыл­ған. Арнайы портал арқылы қыл­мыстық процеске қатысушылар мен олардың қорғаушылары тергеушіге немесе прокурорға шағымдар мен өтініштерін жеткізіп, олардан жауап ала алады. Прокурорлар бұл жүйе қылмыстық процестің ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін едәуір артты­ратынын айтады. Сандық формат­тың арқасында адвокаттар элек­трондық материалдарға кез келген уақытта қол жеткізу мүмкіндігіне ие.

Жиын барысында тараптар өзге де маңызды мәселелерді талқыла­ды. Атап айтқанда, “Азаматтарды қабылдау орталықтарында” адво­каттардың мобильді құрылғылар, ноутбуктер, өзге де электронды құрылғыларды алып жүруіне шектеулерді алып тастау мәселесі көте­рілді.

Кездесу соңында екі жақ сын­дарлы диалог пен одан әрі ынты­мақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp