«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 12, 2023

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЙЫЛЫМ

Облыстық қуыршақ театры 33-ші маусымның шымылдығын жапты. Өнерпаздар кішкентай көрермендерге орыс жазушысы Давид Самайловтың “Етік киген мысық” ертегісін ұсынды. Бұл – көңілді музыкалық қойылым. Спектакль осы уақытқа дейін бір­неше мәрте сахналанған. Көрер­меннің қызығушылығын оятқан ак­терлер шымылдықты осы ертегімен жабуды жөн көріпті. Бұл ұжымда жұмыс істеп жүрге­ніне 6 жыл болған Юлия Высотина кішкентай балақайларға көтеріңкі көңіл …

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЙЫЛЫМ Read More »

Қас қарайғанша ашық

Жаз басталғалы бері об­лыс орталығындағы ірі мәде­­ниет мекемелерінде жаңа жоба жү­зеге асуда. Мәселен, қала­мыз­дағы Сәбит Мұқанов атында­ғы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен тарихи-өлкетану музейінің жұмыс уа­қыты ұзартылды. Енді аталған мекеме­лер жаз бойы түнгі сағат 23:00-ге дейін ке­лушілерге қыз­мет көрсете­тін болады. Жобаны жүзеге асыру үшін атал­ған екі мәдениет ошағының таңдап алынуы бекер емес. Өйт­кені облыстық кітапхана мен …

Қас қарайғанша ашық Read More »

Желаяқтар есірткіге қарсы

Петропавлдың жүздеген тұрғы­ны есірткіге қарсы акцияны қолдап, жаппай жүгіруге қатысты. Жарыс басталар алдында қатысушылар дене шынықтыру жаттығуларын жасады. – Жарыс халықаралық наша­қорлықпен күрес күні қарсаңында өткізілуде. Бүкіл әлем оны 26 маусымда атап өтеді. Бүгін мұнда қаламыздың көптеген спортшылары мен белсенділері жиналды. Са­ламатты өмір салтын насихатта­ғандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін. Жарысымыз “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен өтуде, …

Желаяқтар есірткіге қарсы Read More »

Декларация тапсырмағанға – айыппұл

Елімізде жалпыға бірдей дек­ларациялауға кезең-кезе­ңмен көшу жалғасып жатыр. Жалпыға бірдей деклара­ция­лауға көшу 2025 жылға дейін төрт кезеңде өте­ді. Бірінші кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді. Осы­дан үш жыл бұрын қолға алынған бұл жүйенің мақсаты – көлеңкелі экономиканы жою мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық көлемде әкімшілендіру. Жоспарға сәйкес биылдан бас­тап мемлекеттік мекемелердің қыз­меткерлері …

Декларация тапсырмағанға – айыппұл Read More »

Иесіне қайтарылды

Полиция қызмекерлері облыс тұр­ғындарына күмәнді заттарды қолдан сатып алмау керектігін ескертеді. Егер күдікті адам төмен бағамен сат­қан “тауар” ұрланған мүлік болып шық­са, оны иесіне қайтаруға тура келеді. Бұған 15 мың теңгеге “Trinx” велоси­педін сатып алған қала тұрғы­ны көз жеткізді. Көп ұзамай велоси­педті по­лицейлер алып кетті. Қылмыс сәуір айының екінші жарты­сында жасалған. Белгісіз қылмыскер көршілес орналасқан …

Иесіне қайтарылды Read More »

Винокуров бабында

Тайландта өткен велоспорттан Азия біріншілігінде жерлесіміз Александр Винокуров жеңім­паз атанды. Солтүс­тікқазақстандық ардагер-спортшы “Masters” санатында­ғылар арасында өнер көрсетті. Лондон олимпиадасының чем­пио­ны, атақты велошабандоз Алек­сандр Винокуров ел құрамасы са­пында Азия біріншілігіне қатысып, 50 жастан асқан спортшылар ара­сында топ жарды. Даңқты солтүс­тікқазақстандық жекелей сында үз­дік нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Аталмыш дода­да ол 15 шақырымдық қашықтықты …

Винокуров бабында Read More »

Қос браконьер қамалды

Облыс полицейлері заңсыз аң ау­лаған екі браконьерді ұстады. Ауыл тұрғындары лақтайын деп жүрген маралды атып алған. Патрульдік полиция батальо­ны­ның қызметкерлері 29 мамыр күні Қы­зылжар ауданының аумағында құ­жат­­тарды тексеру мақсатында Тайын­ша ауданының 62 жастағы тұр­ғыны тіз­гіндеп келе жатқан “Mitsu­bishi Out­lan­der” автокөлігін тоқтатты. Оның жанын­да 41 жастағы ауылда­сы отырған. Жүксалғышты тексеру кезінде іші­нен жануардың еті табылды. Ал­ғашында …

Қос браконьер қамалды Read More »

МҮЛІКТІ САҚТАНДЫРУ ТӘРТІБІ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша 2023 жылдың алғашқы айларында сақтандыру сыйлықақылары 170 млрд. теңге болған, бұл 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 23 пайызға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі қозғаушы күші ерікті мүліктік сақтандыру болып отыр. Мүлікті сақтандыру кезінде не нәрсеге ерекше назар аудару керек? Біз бұл мақалада осы сауалға жауап іздейтін боламыз. …

МҮЛІКТІ САҚТАНДЫРУ ТӘРТІБІ Read More »

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ТӨБЕСІ – ТҰНҒАН ТАРИХ

Өлке тарихын Отан тарихынан бөліп қарауға болмайды. Туған өлкенің өткенін түгендеп, оны халық тарихымен тұтастырғанда ұлттың жасампаздық рухы одан әрі асқақтайды. Облыс орталығынан шалғайда жатқан Уәлиханов ауданының Қулыкөл ауылында ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, мектеп басқара жүріп, жәдігерлерге бай этнографиялық мұражай ашқан Мұхтар Әутәліповтың еңбегі ерен. Бүгінде зейнет демалысында жүрген азаматпен ерекше мұражай жайлы сұхбаттасудың …

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ӘР ТӨБЕСІ – ТҰНҒАН ТАРИХ Read More »

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАСАҚ, ЭКОНОМИКА НЫҒАЯДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” Жолдауында жаңа экономикалық саясаттағы басты басымдық ретінде: “Жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ ұлттық табысты әділ бөлу”, – деп атап көрсетіп, осы мақсатты жүзеге асыру жолында кезек күттірмейтін …

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАСАҚ, ЭКОНОМИКА НЫҒАЯДЫ Read More »

Тапсырыс бар, табыс мол

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту – басым бағыттардың бірі. Алайда көп жылдан бері экономиканың нақ осы саласында қарқыннан гөрі іркіліс басым. Әр өңірде табысы мол саланы игеруге талпынып жатқан кәсіпорындар бұл саланың болашағынан үміт күттіреді. Мысалы, облыс орталығындағы “SensFashion”, “Прогресс тігін фабрикасы”, “Matex”, “Мектеп және балалар киімінің тігін фабрикасы” сияқты тігін кәсіпорындарын көпшілік таниды. Бұл …

Тапсырыс бар, табыс мол Read More »

Аққайыңдарды отаған кәсіпкерге жер учаскесі заңсыз берілген

Облыс орталығында кәсіпкер қайыңын отаған жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылады. Петропавлдың №2 қалалық соты “Лесхоз” шағынауданында былтыр кесілген қайыңды орманға қатысты азаматтық істі қарап, бұл жердің кәсіпкерге заңсыз берілгендігін нақтылады. Былтыр Петропавлға кіреберісте орналасқан “Лесхоз” шағынауданы аумағында кәсіпкер қайыңды орманды отап, жұрттың наразылығын туғызған болатын. Ол учаскедегі жайқалған ағаштарды кесіп тастаған. Алдын ала есеп бойынша, …

Аққайыңдарды отаған кәсіпкерге жер учаскесі заңсыз берілген Read More »

ЖАЗҒЫ АКАДЕМИЯ

Петропавлдық жас жеткін­шектердің жазғы демалысын қызықты да пайдалы ету үшін облыс орталығындағы Оқушылар сарайында “Жазғы академия” өз жұмысын бас­тады. Екінші жыл қатарынан ұйымдасты­рылып жатқан лагерьде 7-14 жас аралығындағы жеткіншектерге ІТ-саланың жаңашылдықтары, ғы­лыми зертханалар, бизнес-мектеп, көркем-эстетикалық бағыттар бо­йынша дәрістер оқылып, тәжірибе жүргізу үйретіледі. Жаз бойы мыңға жуық баланы қамту жоспарланған. Өткен жылы барлық бағыттар бір уақытта …

ЖАЗҒЫ АКАДЕМИЯ Read More »

Адвокаттардың рөлі артады

Қылмыс жасап, заң шеңберінде жазаларын өтеп жатқан жандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ олардың білікті заңгерлердің көмегімен қамтамасыз етілуін қадағалау прокуратура органдары үшін басым міндеттердің бірі саналады. Әдетте мұндай қиын жағдайда қалғандар құқықтық көмектің көрсетілмеуінен жиі жапа шегеді. Бұл әсіресе адвокаттардың жұмысына кедергі келтіреді. Тергеу мен сот процесі барысында туындайтын шектеулерді де айналып өту қиын. Бүгінде мұндай …

Адвокаттардың рөлі артады Read More »

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ТЕЗ

“Оңтүстіктен – Солтүстікке!” бағдарламасының жүзеге асуына теріскейдегі демографиялық ахуал себеп болды. Осыған орай тұрғылықты халқы сиреп, жұмыс күші азайған өңірлерге күнгей жақтардан отбасыларды көшірудің алғашқы қадамдары жасала бастады. Бұл мәселе тезірек реттелмесе, 2050 жылға қарай солтүстіктегі тұрғындардың саны 1 млн.-ға дейін кеміп, керісінше, оңтүстік халқы 5,2 млн.-ға артады деген болжамдар айтылды. Сондықтан ішкі көші-қон проблемасын …

ЕҢБЕКҚОРДЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ ТЕЗ Read More »

АБАЙДАҒЫ АЛАПАТ ӨРТ

Абай облысының орманды алқабын жайлаған алапат өрт қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Жасыл желектен бөлек, тілсіз жау 14 адамның өмірін қиды. Қазақ елі апат салдарынан құрбан болғандарды еске алып, аза тұтуда. Ал қолы ашық ағайын апаттан зардап шеккендерге жылу жинап, гуманитарлық көмек ұйымдастыруда. Жекелеген қорлар да қаржы жиып, Семей жұртына аударып жатыр. Мәселен, “Халықаралық волонтерлік желі” ұйымының …

АБАЙДАҒЫ АЛАПАТ ӨРТ Read More »

Жүректің батырлығы

Абай облысында болып жатқан алапат өрттің зардабын ел көріп, біліп отыр. Осындай төтенше жағдай кезінде әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі – өртсөндіруші қызметі екенін тағы бір мәрте мойындамасқа амал жоқ. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Өйткені төтенше жағдайларда, ең алдымен, көмекке ұмтылып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, тілсіз жаумен арпалысатын өртсөндірушілердің еңбегі …

Жүректің батырлығы Read More »