Тайландта өткен велоспорттан Азия біріншілігінде жерлесіміз Александр Винокуров жеңімпаз атанды. Солтүстікқазақстандық ардагер-спортшы “Masters” санатындағылар арасында өнер көрсетті.
Лондон олимпиадасының чемпионы, атақты велошабандоз Александр Винокуров ел құрамасы сапында Азия біріншілігіне қатысып, 50 жастан асқан спортшылар арасында топ жарды. Даңқты солтүстікқазақстандық жекелей сында үздік нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті. Аталмыш додада ол 15 шақырымдық қашықтықты 20 минут 6 секундтың ішінде бағындырды. Екінші орынды тағы бір отандасымыз Алексей Абраменко иеленді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.