«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Декларация тапсырмағанға – айыппұл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде жалпыға бірдей дек­ларациялауға кезең-кезе­ңмен көшу жалғасып жатыр. Жалпыға бірдей деклара­ция­лауға көшу 2025 жылға дейін төрт кезеңде өте­ді.

Бірінші кезең 2021 жылдың 1 қаңтарынан басталған еді. Осы­дан үш жыл бұрын қолға алынған бұл жүйенің мақсаты – көлеңкелі экономиканы жою мақсатында жеке тұлғалардың табыстарына салық салуды толық көлемде әкімшілендіру.

Жоспарға сәйкес биылдан бас­тап мемлекеттік мекемелердің қыз­меткерлері және олардың жұ­байы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкер­лері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі ту­ралы декларация тапсыруға мін­детті. Осы ретте Петропавл қала­сы бойынша 250 нысан активтер мен міндеттемелер туралы құжат ұсынады.

– Петропавл қаласы бойынша жалпыға бірдей декларациялау­дың екінші кезеңі бойынша декларанттар саны – 25343 адам. Бүгінгі күнге дейін 19036 адам дерек ұсынды, – деді Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер бас­қармасының бас маманы Жанат Мұратов.

Азаматтар талап бойынша ак­тивтер мен міндеттемелер туралы деректі қағаз жүзінде 15-ші шілде­ге дейін, ал электронды нұсқада 15-ші қыркүйекке дейін ұсыну қа­жет. Мамандардың айтуынша, са­лық есептілігін салық төлеуші кабинеті, “Элек­трондық үкімет” порталы, сондай-ақ “e-Salyq Azamat” мобильді қо­сымшасы арқылы беруге болады.

Ал декларация тапсырмаған­дарға алдымен ескерту жасалады. Егер ескертуге құлақ аспаса, онда 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Нұрай ЕСІЛБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp