«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қас қарайғанша ашық

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Жаз басталғалы бері об­лыс орталығындағы ірі мәде­­ниет мекемелерінде жаңа жоба жү­зеге асуда. Мәселен, қала­мыз­дағы Сәбит Мұқанов атында­ғы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхана мен тарихи-өлкетану музейінің жұмыс уа­қыты ұзартылды. Енді аталған мекеме­лер жаз бойы түнгі сағат 23:00-ге дейін ке­лушілерге қыз­мет көрсете­тін болады.

Жобаны жүзеге асыру үшін атал­ған екі мәдениет ошағының таңдап алынуы бекер емес. Өйт­кені облыстық кітапхана мен му­зей халық ең көп жүретін Қазақ­стан Конституциясы көшесінің бойында орналасқан. Идея авторлары осы­лайша саябақта серуен­деп жүрген тұрғындарды рухани орындарға тартуға болады деп са­найды. Осы­ған дейін өткен “Кітап­хана түні”, “Му­зей түні” сынды ша­ралар да жүз­деген адамның ба­сын қосып, қалалықтар тарапынан сұраныс­тың бар екенін көрсеткен еді.

– Бәріміз білетіндей облыс ор­талығында екі үлкен мәдени ны­сан бар. Бұдан былай бұл ны­сан­дар қанатқақты режімде күн батқанша жұмыс істейтін болады. Бұл тәжірибе АҚШ пен Еуропа елде­рінде дамыған. Біз осы тәжірибені өзімізде де енгіздік. Осылайша тұр­ғындар жұмыстан кейін отбасы­мен, жақындарымен кітапханада, му­зейде демалуға мүмкіндік ал­мақ, – деді игі бастама жайлы қы­зылжар­лықтарды құлағдар еткен облыс­тық мәдениет және тілдерді дамы­ту басқармасының басшысы Досбол Әбдірисов.

Руханият ошақтарының тұр­ғын­дармен тығыз жұмыс істеуі қа­ланың туристік әлеуетін арттыруға да әсер етпек. Кешкі уақытта бұл мекемелерде экскурсиялар, та­нымдық сабақтар мен кездесулер өтеді деп күтілуде. Әдетте жаз ай­ларында жұмыс уақыты қысқа­ратын екі мекеменің есігі енді келушілер үшін керісінше дүйсенбіден басқа күндері 23:00-ге дейін ашық бо­лады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp