«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЙЫЛЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қуыршақ театры 33-ші маусымның шымылдығын жапты. Өнерпаздар кішкентай көрермендерге орыс жазушысы Давид Самайловтың “Етік киген мысық” ертегісін ұсынды. Бұл – көңілді музыкалық қойылым.

Спектакль осы уақытқа дейін бір­неше мәрте сахналанған. Көрер­меннің қызығушылығын оятқан ак­терлер шымылдықты осы ертегімен жабуды жөн көріпті.

Бұл ұжымда жұмыс істеп жүрге­ніне 6 жыл болған Юлия Высотина кішкентай балақайларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін барын салғанын айтады.

– Ертегі желісі көпшілікке бала кезден таныс. Әкесінің өлімінен кейін ағалары мұраны бөліске са­лады, кенжесіне тек мысық бұйы­рады. Ал бұл жануар өз иесінің өмі­рін түбегейлі өзгерте алатын болып шығады. Ақыры екеуі айнымас дос­қа айналады, – дейді актриса.

45 минутқа созылған ертегі үл­кен-кішінің бәріне ерекше әсер сыйлады. Қойылым аяқталғаннан кейін ұжым балалардың екінші легіне өнер көрсетті.

– Біздің театрдың жұмыс істеп келе жатқанына – 34 жыл. Еңбек етіп жатқан 60-қа жуық адам бар. Біз ке­лесі маусымға дейін кө­рермен залын жаңартуды жоспар­лап отырмыз. Келушілерге керемет әсер сыйлау үшін жарық пен дыбыс жүйесінің күшін арттырғымыз келеді, – дейді облыстық қуыршақ театры­ның бөлім меңгерушісі Наталья Жәнібекова.

Театр шымылдығы күзге дейін жа­былғанымен ұжымның жұмысы тоқтап қалмайды. Олар Астана қаласында 25 маусым күні өтетін ауқымды фестивальға дайындалуда.

Ақжүніс МҰҚАТАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp