«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкерге кедергі келтірген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының әкімдігі кәсіп­кер­дің жұмысына кедергі кел­тірген. Белгілі болғандай, жергілікті билік кәсіпкердің фермерлік қожа­лықтың басшысын ауыстыруға қатысты қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінішін орындаудан бас тартыпты. Оның үстіне барлық үлес­кер­лер жиналысының келісімі тура­лы хаттаманы талап еткен.

Фермер шаруашылықтың заңды қызметіне кедергі келтірген әкім­діктің әуре-сарсаңынан субсидиялар­дан және мемлекеттік қолдаудың өз­ге де шараларынан айырылып қал­мау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне жүгінді.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 54-бабына сәйкес, үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың алдағы жиналысы туралы хабарлама оның өткiзiлетiн күнiнен бiр айдан кешiктiрiлмей жаз­баша түрде қолхат алу арқылы жүргi­зiледi. Тиiсiнше хабарланған жағдай­да үлестiк меншiкке (үлестiк жер пай­далануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде 50 пайызы қатысқан кезде жиналыстың құқықтық күшi бар деп саналады.

Департамент мүдделі тараптар­ды кездестірді. Түсініспеушіліктен туындаған мәселенің түйіні тарқа­тыл­ды. Себебі кәсіпкер жер заңна­масының талаптарын сақтаған. Оның ішінде фермерлік шаруашы­лық мүшелерін уақтылы хабардар етіп, олардың жиналысқа келуін қамтамасыз еткен. Осы ретте кәсіпкердің заңды талабы орында­лып, Қызылжар ауданы әкімінің қаулысы шығарылды.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp