«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 14, 2023

БІРЛІКТЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сесиясында сөйлеген сөзінде бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайтынын айрықша атап көрсеткен болатын. “Мен бұған дейін де айттым: еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, …

БІРЛІКТЕН АСҚАН БАЙЛЫҚ ЖОҚ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Өңірімізде қылмыстық-атқару жүйесінің бес түзеу мекемесі бар. Онда жазаларын өтеп жатқандарды тәрбиелеудің тиімді жолдарының бірі – еңбекке баулу. Бүгінгі таңда түзеу мекемелерінде бизнес ашып, оны дамытуға зор көңіл бөлініп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №48 түзеу мекемесінде басқарма өкілдері және кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өткізіп, жазаларын өтеп жатқандарды жұмыспен қамту …

ЕҢБЕКПЕН ТӘРБИЕЛЕУ Read More »

Нан пісіргеннің нәсібі мол

Дариха Құрбанова былтыр қыркүйек айында оңтүстіктен Ақжар ауданындағы Восход ауылына көшіп келген. Отбасының әлеуетін көтеріп отырған жанның төрт баласының алды тұрмыс құрып, жиен сүйіп отыр. Бала – бауыр етің. Оларды дүниеге әкелген соң жағдайын жасау, қатарынан қалдырмау ата-анаға үлкен міндет жүктейді. – Күйеу балам қарсылық білдірмеген соң, оларды төрт баласымен осы жаққа көшіріп әкелдім. Көңілім …

Нан пісіргеннің нәсібі мол Read More »

Демалыс орындары дайын

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен баспасөз конферен­циясын­да биылғы туристік маусымға дайындық сөз болды. Облыс­тық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов өңірдегі табиғи, тарихи, археологиялық және туристік ресурс­тарға бай Айыртау ауданында­ғы демалыс орындарына тоқталды. Бұл ауданның шипалы көлдері, тау­лы-тасты аймағы, жасыл желегі адам­дарға ерекше әсер сыйлайды. Көпшілік арасында кеңінен таныс Шалқар мен Имантауға жаз …

Демалыс орындары дайын Read More »

Кәсіпкерге кедергі келтірген

Қызылжар ауданының әкімдігі кәсіп­кер­дің жұмысына кедергі кел­тірген. Белгілі болғандай, жергілікті билік кәсіпкердің фермерлік қожа­лықтың басшысын ауыстыруға қатысты қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінішін орындаудан бас тартыпты. Оның үстіне барлық үлес­кер­лер жиналысының келісімі тура­лы хаттаманы талап еткен. Фермер шаруашылықтың заңды қызметіне кедергі келтірген әкім­діктің әуре-сарсаңынан субсидиялар­дан және мемлекеттік қолдаудың өз­ге де шараларынан айырылып қал­мау үшін сыбайлас жемқорлыққа …

Кәсіпкерге кедергі келтірген Read More »

Заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін

Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүм­кін. Бұл туралы Ішкі істер министр­лігінің Әкімшілік полиция комитетінің “Ашық НҚА” порталында жариялаған қаулы-жобасында жазылған. “Азаматтарға заңдастыру шартта­ры туралы алдын ала хабарлан­ға­ны­на қарамастан, көптеген авто­мобиль­дер бұрынғы тіркеу орны бо­йынша есептен шығарылмаған. Тір­кеу әре­кет­те­рін жасауға тыйым са­лулар мен шектеулерге байланысты заңдас­тырудан өтпеген көліктер де жоқ емес. Мәселен, 8 …

Заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін Read More »

Үздік уәкіл

Елімізде бес жылдан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауы ұйымдастырылады. Конкурс “Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі”, “Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” атты екі аталым бойынша өткізіледі. Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жобасын …

Үздік уәкіл Read More »

ӨРІСІ КЕҢІГЕН ӨНДІРІС

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен “CLAAS Group” неміс компаниясының бас директоры Ян-Хендрик Мор кездесу өткізіп, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру кәсіпорнын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Өңір басшысы инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын, жетістіктерге жетудің ынталандыру тәжірибесі қалыптасқанын, өндірісті оқшаулау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін баса айтты. Әлемдік брендке айналған компания бір ғасырдан аса уақыт бойы ауыл шаруашылығы …

ӨРІСІ КЕҢІГЕН ӨНДІРІС Read More »

Ауызсу құны әртүрлі

Облыстық әкімдікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында ауылдар мен елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері, бизнеске арналған жер телімдерін бөлу және инфрақұрылым тарту бойынша жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері және полиция департаментінің жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралары баяндалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық …

Ауызсу құны әртүрлі Read More »

ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ

Биыл үшінші жыл солтүстік өңірлерде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары шығарған “Дәурен” дақылының көктемгі тритикале сұрпы егілді. Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының диқандары оны сынап көруде. Біздің өңірімізде бұл тұқым 48 гектарға егілген. Ғалымдардың айтуынша, жаңа сұрып 5 жыл бойы зерттеліп, өсіру технологиясы анықталған. Шығымдылығы өте жоғары. Гектарынан 47 центнерге дейін өнім беріпті. …

ШЫҒЫМДЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ Read More »

Сөнбейтін шырақ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Алаштың жарық жұлдызы” деген атаумен ұйымдастырылған әдеби кеш қазақтың ардақты перзенті, ұлт қамын жеген ұлыларымыздың көш басында тұрған алдаспан тұлға Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орайластырылды. Шараға жиналған қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен әдебиетке әуес жастар Алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығына терең бойлады. “Тәуелсіздіктің таң самалымен …

Сөнбейтін шырақ Read More »

Өлкетанушылар слеті

Айыртау ауданындағы “Ша­ғала” жазғы сауық­тыру лагерінде “Тарихқа тағ­зым – болашаққа бағдар” атты облыстық жас өлкетанушы­лар слеті өтті. Іс-шараның бас­ты мақсаты – жалпы қазақ­стандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру. Өңірде алғаш рет өткізілген об­лыстық слетте белсенді, креативті және шығармашылыққа әуес бала­лардан топтасқан командалар қатыс­ты. Білімпаздар 3 күн бойы жары­сып қана қоймай, облыстың тарихы, географиясы, табиғаты мен мәде­ниеті …

Өлкетанушылар слеті Read More »

Ел біріншілігінде – екінші

Қостанай облысындағы Озерный ауылында гір көтеру спортынан ел біріншілігі өтті. Оған өңіріміздің атынан 30 спортшы қатысты. Артем Головин 73 килограмм са­натындағылар арасында алтыннан алқа тағынып, абсолютті чемпион атанды. 95 килограмда Виталий Ди­денко жеңіс тұғырына көтерілді. 85 ки­­лограмда Валентин Федоровский күміс медальмен күптелді. 68 кило­грамда Олег Окс үшінші орынға ие болды. Қыздар арасында да жерлесте­ріміз жүлдегерлер …

Ел біріншілігінде – екінші Read More »

Тартысты жарыс

Жастар стадионында медицина қызметкерлері жеңіл атлетика, дартс, арқан тарту, асық ату және доп лақтырудан сынға түсті. Бұл дода ақхалаттылардың кәсіби мерекесіне арналып ұйымдастырылды. Спартакиадаға өңіріміздің 11 емдеу мекемесінен келген қызметкерлер қатыс­ты. Олардың бір бөлігі асық атып жарысса, екіншілері доп лақтырудан сынға түсті. Ал эстафе­тада 2-ші және 3-ші қалалық емхана қызметкерлері мен облыстық жүре пайда болған …

Тартысты жарыс Read More »

Тоқта, мас жүргізуші!

Облыс аумағында “Мас жүргізу­ші” шарасы өтіп, бес күн ішінде спирт­тік ішімдік ішіп алып көлік тіз­гіндеген 29 адам анықталды. Сон­дай-ақ 1,5 мың адам жол қозғалысы ережелерін бұзған. Түнде тәртіп сақ­шылары “Mitsubishi” көлігін тізгіндеген 45 жастағы Петропавл қаласы­ның тұрғынын тоқтатты. Ер адам қа­ладағы дәмханалардың бірінде спирттік ішімдік ішкен. Меди­циналық куәландыру жүргізушінің мас екенін растады. Он бес тәулікке …

Тоқта, мас жүргізуші! Read More »

Жат ағымнан жақсылық күтпе

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада діни экстремизмнің алдын алу тақырыбына арналған семинар өтті. Тура жолдан адасып, жат ағымның жетегінде кеткендер – қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны белгілі. Ал діни сауаты төмен жандардың санасы уаланбау үшін интернет желісінен жат ағымдарды насихаттаған 50 мыңнан астам материал жойылыпты. – Біздің негізгі міндетіміз – экстремизмнің алдын алу. Талдау, зерделеу …

Жат ағымнан жақсылық күтпе Read More »

Орташа жалақы — 226799 теңге

Халықтың өмір сүру деңгейі табыс көзінің болуына тікелей байланысты. 2022 жылы облысымыз бойынша халықтың атаулы ақшалай табыстары бір адамға шаққанда айына 139,5 мың теңгені құрады. Тұрғындардың негізгі табыс көзі еңбек қызметі болды, ол 2022 жылы жалпы ақшалай табыс көлемінің 64,8 пайызын құрады. Еңбек қыз­метінен түскен табыс, өз кезегінде, жалданып жұмыс істеу бойынша (57,5 пайыз) және …

Орташа жалақы — 226799 теңге Read More »

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН

Еңбегімен ел құрметіне бөленген ардагерлердің өнегелі өмір жолы бү­гінгі жастарға үлгі болуы тиіс. Жа­қын­да Тайынша ауданының орталығын­дағы Мәдениет үйінде облыстық ар­дагерлер кеңесінің “Шын жүректен” жобасы аясында өткен мерекелік ша­раның мақсаты да осыған саяды. Ардагерлер ұйымдары арасын­да мұндай ауқымды іс-шараны биыл тайыншалықтар облыс аудандары арасында бірінші болып өткізді. Ау­дандық ардагерлер кеңесінің төраға­сы Анатолий Рафальский бұл қыз­метке …

ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН Read More »

Ауылға ауадай қажет мамандар даярлайтын колледждің ашылғанына — 65 жыл

Айыртау ауданы, Сау­малкөл ауылындағы агротехникалық кол­ледж 65 жылдан бері маман даярлау арқылы өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына өз үлесін қосып ке­леді. Осы уақыт ішінде іргелі оқу орнына айналды. Жылдар бойы жинақталған тәжіри­бенің арқасында еңбек нарығында сұранысқа ие кадр даярлап, білікті мамандар ұстаханасына айналды. Бұл – аудан, облыс, республиканың ауыл шаруашылығы саласына қа­жетті мамандар даярлап отырған оқу ордасының …

Ауылға ауадай қажет мамандар даярлайтын колледждің ашылғанына — 65 жыл Read More »