«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орташа жалақы — 226799 теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықтың өмір сүру деңгейі табыс көзінің болуына тікелей байланысты. 2022 жылы облысымыз бойынша халықтың атаулы ақшалай табыстары бір адамға шаққанда айына 139,5 мың теңгені құрады.

Тұрғындардың негізгі табыс көзі еңбек қызметі болды, ол 2022 жылы жалпы ақшалай табыс көлемінің 64,8 пайызын құрады. Еңбек қыз­метінен түскен табыс, өз кезегінде, жалданып жұмыс істеу бойынша (57,5 пайыз) және өзін-өзі жұмыспен қамтудан, кәсіпкерлік қызметтен түс­кен кірістерді (7,3 пайыз) біл­діреді. Әлеуметтік трансферттер (зейнет­ақылар, жәрдемақылар, стипендия­лар) жалпы ақшалай кірістер кө­лемінің 29,2 пайызын құрады.

Қала тұрғындарының еңбек қызметінен түскен табысы ауылда тұратындармен салыстырғанда 9,9 пайызға көп. Бұл ретте петропавлдықтардың денінің жұмыспен қамтылғанын айтып өткен жөн. 2022 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 293,3 мың адамға жетті, бұл еңбекке қабілетті жастағы жалпы облыс тұрғындары саны­ның 68,5 пайызын құрайды.

Облыс экономикасында 279,1 мың адам жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылған халық арасында жалдамалы жұмыскерлердің үлесі – 74,5, өз бетінше жұмыспен қамтылған­дардың үлесі 25,5 пайыз.

Жалдамалы қызметкерлердің жалпы санынан ұйымдарда 178,8 мың адам (85,6 пайыз), шаруа қожа­лықтарында – 5,8 мың адам (2,8 пайыз), азаматтық-құқықтық си­паттағы шарт бойынша – 3,5 мың адам (1,7 пайыз) жұмыс істейді.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны ауыл, орман және балық шаруашылығы (78,7 мың адам), көтерме және бөлшек сауда (40,5 мың адам), білім беру (35,7 мың адам) сияқты қызмет салаларында байқалады. Өнеркәсіпте – 24,9 мың адам, мемлекеттік басқару мен қор­ғаныс саласында – 18,6 мың адам, көлік пен қоймалауда – 17,9 мың адам, денсаулық сақтау мен әлеу­меттік қызметтер салаларында – 15,7 мың адам жұмыс істейді.

2022 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көпшілігі ауыл, орман және балық шаруашылы­ғында (41,3 мың адам), көтерме және бөлшек саудада (11,8 мың адам), көлік қызметтері саласында (3,6 мың адам) шоғырланған.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесіне сәйкес ғылыми-прак­тикалық айналымға “нәтижелі жұ­мыс­пен қамтылғандар” және “нә­тижесіз жұмыспен қамтылғандар” деген ұғымдар енгізілген. Бұл ретте нә­тижелі жұмыспен қамтылғандар са­­натына өзі тұтынатын ғана емес, бас­­қа адамдарға сату үшін өнім өн­ді­­ретін адамдар жатады. 2022 жыл­дың қорытындысы бойынша об­лыс­та нәтижелі жұмыспен қамтыл­ған­дар саны 69,6 мың адамды құрады.

Облысымызда жұмыссыз ретін­де тіркелген 14,2 мың адам бар. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. Олардың қатарында қала тұрғын­дарының үлесі – 5,7 мың адамды (40,1 пайыз), ауылдықтар 8,5 мың адамды (59,9 пайыз) құрап отыр.

Жалданып жұмыс істеуден тү­сетін табыстың негізгі көзі жалақы бо­лып табылады. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы салықтар мен басқа да ұстап қа­луларды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары), сондай-ақ ынталандырушы және өтемдік си­пат­тағы төлемдерді (қосымша тө­лем­дер, үстемеақылар, сыйлық­ақылар және өзге де төлемдер) ескере отырып қалыптастырылады.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда есептелген Солтүстік Қазақстан облысы бойынша атаулы жалақы алдыңғы жылғы деңгейден 21,3 пайызға асып, бір қызметкерге орта есеппен 226799 теңгені құрады.

Кәсіптік, ғылыми және техника­лық қызметтегі жалақы 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстыр­ғанда – 42,7 пайызға, көлік және қоймалау саласында – 36,5 пайыз­ға, ауыл, орман және балық шаруа­шылығында – 28,2 пайызға , өңдеу өнеркәсібінде – 28,5 пайызға өсті.

Облыс бойынша орташа жала­қыдан едәуір асатын еңбекақыны көлік және қоймалау (335938 тең­ге), қаржы және сақтандыру қыз­меті (333079 теңге) салаларында жұ­мыс­пен қамтылғандар алады. Ең тө­мен жалақы басқа да қызмет түр­лерін ұсыну (125871 теңге), әкімші­лік және көмекші қызмет көр­сету саласындағы қызмет (124463 теңге) салаларында жұмыс істейтін қыз­меткерлерге тиесілі.

2022 жылы облыстағы ең төмен­гі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар халықтың үлесі 5,7 пайызды құрады.

Облыстағы әрбір тұрғынның жыл­дық шығыстары 2022 жылы орта есеппен 1066863 теңгені немесе айына 88905 теңгені құрады. Ақ­шалай шығыстардың жалпы құрылымында азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсалған шығыстар – 44,8 пайыз, азық-түлік емес тауар­лар – 30,4 пайыз, ақылы қызмет­терге – 14,3 пайыз. Қала тұрғыны айына азық-түлікке ауыл тұрғынына қарағанда 40,1 пайыз артық ақша жұмсайды. Қалалықтардың ақылы қызметтер үшін жұмсайтын шығыс­тары ауылдықтарға қарағанда 1,9 есе жоғары.

Жорабек ДӘУРЕНОВ,

Ұлттық статистика бюросы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp