«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздік уәкіл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде бес жылдан бері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауы ұйымдастырылады. Конкурс “Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі”, “Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” атты екі аталым бойынша өткізіледі. Қатысушылар конкурстық комиссияның қарауына мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру және әдеп жөніндегі уәкіл институтын одан әрі жетілдіру мәселелеріне арналған эссе мен жобасын ұсынады. Әрбір үміткер бойынша шешімді конкурстық комиссия мүшелері қабылдайды.

Республикалық байқау биыл да өткізіліп, қорытындысы жарияланды. “Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” аталымында облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев үздік атанды.

Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік басқару академиясының мамандарынан, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылардан құралған комиссия бағалады.

Нұрай ЕСІЛБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp