«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өлкетанушылар слеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданындағы “Ша­ғала” жазғы сауық­тыру лагерінде “Тарихқа тағ­зым – болашаққа бағдар” атты облыстық жас өлкетанушы­лар слеті өтті. Іс-шараның бас­ты мақсаты – жалпы қазақ­стандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру.

Өңірде алғаш рет өткізілген об­лыстық слетте белсенді, креативті және шығармашылыққа әуес бала­лардан топтасқан командалар қатыс­ты. Білімпаздар 3 күн бойы жары­сып қана қоймай, облыстың тарихы, географиясы, табиғаты мен мәде­ниеті туралы қызықты мәліметтер­мен танысты. Сондай-ақ туған өл­кенің көрікті жерлері, тарихи және мәдени ерекшеліктері туралы өз бі­лімдерін көрсетті. Балалар үшін ар­найы экскурсия да ұйымдасты­рылды.

Біздің өңір өзінің бай табиғаты­мен, атақты тұлғаларымен және кие­лі жерлерімен танымал. Оқушылар Никольское ауылына ат басын бұрды. Олар әлемде алғаш рет жылқы малы қолға үйретілген “Ботай” қоны­сын аралап көрді. Сондай-ақ Сы­рымбет ауылындағы тарихи ескерткіш – Айғаным қонысына барды.

Слеттің салтанатты жабылуын­да үздік нәтиже көрсеткен жас өлке­танушылар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp