«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаржылық сауаттылық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде жастардың қаржылық сауаттылығын арттыратын тағы бір жоба өз мәресіне жетті. Назарбев зияткерлік мекте­бінде өткен үш күндік курсқа 30-дан астам оқушы қатысып, қаржы әлемінің сырына бойлады. Жоба елдегі ірі қаржылық компанияның қолдауымен жүзеге асып отыр. Курс барысында бала­ларға алаяқтарға алданбау жолда­ры, салық түрлері мен құнды құжат­тар тура­лы айтылды. Бүгінге дейін мұндай курстарда ел бойынша 5400 өрен тәлім алған екен. Курстан ал­ған білімдері жастардың болашақта дұрыс таңдау жасап, ақшаны тиімді жұмсауына әсер етпек. Жас­тарды табыс табу ғана емес, жеке бюджет­ті басқару жағы да қызықтырады. Мұнда келгендердің көп­шілігі алғаш рет салық жайлы біліп, оны дұрыс есептеу жолдарын меңгерді. Қы­зыл­­жарлық ұл-қыздарға дәріс оқуға жоба менеджері Үміт Досниязова ша­қырылыпты.

– Біз мұнда қаржылық сауатты­лықтың жылдамдатылған курсын өткіздік. Ақшаның пайда болу та­рихынан бастап, қаржы айналы­мы, бюджетті басқару тақырыпта­рын қозғадық. Ақша – біздің өмі­рі­міздегі басты құндылық емес. Де­сек те оны дұрыс жұмсай білу өмі­рімізді жеңіл­детіп, мақсатымызға жетуге көмек­тесетіні анық. Табыс табудың да тә­уекелдері бар. Бала­ларды соларды айналып өтіп, қар­жылық пирамида­лардың құрбаны болмауға үйре­теміз, – дейді курс менторы.

Мұндай курстардан кейін жас­тардың көбі табыс тауып, капи­талын молайту жолдарын қарас­тырады екен. Олардың ішінде қазір­ден инвестициямен айна­лысып, ірі компаниялардың ак­цияларын са­тып алып жатқандары да бар.

Айшагүл ӘШІМОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp