«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балықшы суға кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға ба­тып кетті. Бұл биылғы шомылу мау­сымы басталғалы тіркелген алғашқы қайғылы жағдай.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Петро­павл­­дағы “Восточный берег” дәмханасы­ның маңында болған. Ба­лық аулауға келген ер адам сағат 13:00 шамасында суға кетті. Құтқа­рушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, марқұм қарапайым ережелерді сақтамаған, құтқару жилеті болмаған, спирттік ішімдік іш­кен.

“Восточный берег” дәмханасы­ның жанында суға шомылуға бол­майды. Біз тұрғындар жиі баратын орындарға ескерту белгілерін қойып шықтық. Кейбір демалушы­лар оларды алып тастайды. Бұдан қауіптің сейілмейтінін ескеру ке­рек. Әкімші­лік кодексте рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға бай­ланысты арнайы бап бар. Көл басында спирттік ішім­дік ішкендер де жауапкершіліктен құтыла ал­майды”, – дейді департа­мент жа­нындағы азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Кирилл Иван­ников.

Биыл өңіріміздегі 13 көл мен Есіл өзенінің бойында 60 демалыс орны жарақтандырылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp