«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 16, 2023

ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА САЙ ЕМЕС

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров облыс орталығындағы бірқатар құрылыс нысандарына барды. Жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері берілетін “Солнечный-2” және “Южный” шағынаудандарындағы жұмыс барысын бақылап, Ұлттық ұлан академиясының әскери корпусының құрылысымен танысты. Өңір басшысы, ең алдымен, “Южный” шағынауданына барды. Аумақ жер үйлер салынатын 1 мыңға жуық учаскеден тұрады. Мұнда “Электромонтаж” акционерлік қоғамы жарық тарту жұмыстарын жүргізуі …

ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА САЙ ЕМЕС Read More »

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Сұранысқа ие кәсіп ашу, бизнес-жоспар әзірлеу, қаржылық сауаттылықты арттырып, салық төлеуді түсіну, табыс табу кәсібін енді ашқан адамға қиынға түсері анық. Осы ретте кәсіп ашамын деушілер алдымен “Бизнес бастау” оқыту курстарына қатысып, бизнес-бастамалар негізін үйреніп жатыр. Оқығанның ұтары көп. Білім алған тұрғындар өз кәсіптерін ашып, ойларында жүрген жоспарларын жүзеге асыруда. Солардың бірі – Александра Коробка. …

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН Read More »

Зауыттағы заманауи жобалар

Алпыс жылдық тарихы бар “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы – “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясының құрамына кіретін үлкен кәсіпорын. Көпбейінді өндірістік қуаттылыққа ие зауыт заманауи технологиялық үдерістерді пайдалана отырып, түрлі жабдықтар шығарады. Зауытымыздың өнімдері елімізде ғана емес, сыртқы нарыққа да кеңінен танымал. Кәсіпорын ұжымы тұтынушыларымыздың сенімі мен құрметіне ұзақ жылғы қажырлы еңбегінің арқасында қол …

Зауыттағы заманауи жобалар Read More »

“Қарасай” стадионы жаңартылуда

Петропавлдағы “Қарасай” стадионы соңғы рет 2016-2017 жылдары жөндеуден өткен болатын. Бұл мақсатқа 124 млн. теңге бөлініп, спорттың нысанның жанкүйерлер отыратын орындықтары ауыстырылып, жасанды газон жамылғысы төселді. Десе де жаңартылған футбол алаңындағы жасалған шаруа жеткіліксіз болып шықты. “Қызылжар” клубы Қазақстан премьер-лигасында ойнаған соң, стадион УЕФА талаптарына сай жабдықталуы тиіс. Биыл осы олқылықтарды түзеу үшін қосымша қаражат …

“Қарасай” стадионы жаңартылуда Read More »

Жүрек қалауы

Медицина – игі істің шыңы болса, дәрігер – адам жанының арашашысы, мейірімділік пен ізгілік жаршысы. Ақ халатты абзал жандар көмекке мұқтаждарды емдеп қана қоймай, оларға жылы сөзімен дем беріп, қаншама науқастың көкірегіне үміт отын жағып келеді. Маусым айының үшінші жексенбісі күні осы бір қастерлі мамандық иелері өздерінің кәсіби мейрамдарын атап өтеді. Мереке қарса­ңында Уәлиханов аудандық …

Жүрек қалауы Read More »

Мағжанның жыры — болашаққа жетер сөз

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының “Мағжан соты” спектаклі – көрермен­нің көзайымына айналған туынды. 2008 жылы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай сахналанған қойылымға биыл 15 жыл толып отыр. Биыл ақиық ақынның мерейтойына орай театр ұжымы өңіріміздің аудандарын аралап, ауылдағы ағайынға “Мағжан соты” спектаклін ұсынды. Спектакльдің авторы және қою­шы режиссері – Қазақ КСР-нің еңбек …

Мағжанның жыры — болашаққа жетер сөз Read More »

Өмірі мен өлеңі өнегелі

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада халық ақыны Ахметжан Нұртазиннің туға­ны­на 115 жыл толуына орай “Жүрегі соққан жырында” атты поэзиялық кеш өтті. Іс-шараға ақынның ұрпақ­тары, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысты. Ахметжан Нұртазин 1908 жылы Шал ақын ауданындағы Көктерек ауылында дүниеге келген. 17 жасы­нан бастап “көңілдің кейбір сәттерін” қағазға түсіре бастайды. Туған жері­нің сұлу табиғатын …

Өмірі мен өлеңі өнегелі Read More »

Орманды өрт шалмасын!

Қазақстан жері ұлан-байтақ бол­ғанымен орманды алқабы жерінің аз ғана бөлшегін алып жатқаны белгілі. Орман, ағаш тек қана табиғаттың сұлулығы үшін ғана қажет емес, оның қоршаған ортаға, адаммен бү­кіл жан-жануарлардың денсаулы­ғы­на, ағзасына тигізер пайдасы шек­сіз. Орманды алқаптар болмаса жер шөлейт далаға айналып, құм басу қаупі артады. Табиғаттың берген осы бір байлығын сақтау адам баласы­ның қолында болғанымен, …

Орманды өрт шалмасын! Read More »

Көше кезген жасөспірім

Облыс аумағында үш күндік “Жас­өспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Тәртіп сақ­шылары түн­де көшелерді, кө­ңіл көтеру орында­рын және жастар жиналуы мүмкін жерлерді тексеріп, рейд ұйымдастырды. Осы аралықта облыста түнде жал­ғыз жүрген жасөспірімдерге қат­ысты 125 факті анықталды. Барлық жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ іс-шара кезінде із-түссіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім табылды. Ажырасқан ерлі-зайыптының ұлы туысының үйінде …

Көше кезген жасөспірім Read More »

Балықшы суға кетті

Петропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға ба­тып кетті. Бұл биылғы шомылу мау­сымы басталғалы тіркелген алғашқы қайғылы жағдай. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Петро­павл­­дағы “Восточный берег” дәмханасы­ның маңында болған. Ба­лық аулауға келген ер адам сағат 13:00 шамасында суға кетті. Құтқа­рушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, марқұм қарапайым ережелерді …

Балықшы суға кетті Read More »

Жүргізуші, қайда асықтың?

Петропавл қаласында жарты ай ішінде шетелдік тіркеуде тұрған ВАЗ-21101 автокөлігі жылдам­дықты 56 рет асырған. Оның бұл әрекеті интеллектуалды бейнетіркеуге түсіп қалған. Заң бұзушыны көліктің сақ­тандыру полисі болмағандықтан тез арада табу мүмкін болмады. Тәртіп сақшылары оған қатысты анықталмаған жүргізуші санаты бойынша мәліметтер базасына бағ­дар енгізді. Осылайша камералар оны автоматты түрде іздеуді баста­ды. “Мегакам.Қорғау” қосымшасы­­ның көмегімен жергілікті …

Жүргізуші, қайда асықтың? Read More »

Ойлауды үйрететін ойын

Қазір еңбектеген сәбиден, егде тартқан қарияға дейін телефонға құмар боп кеткені өтірік емес. Балалардың ермегі – түрлі ойындар. Салдарынан бесіктен белі шықпай жатып көз жанарлары нашарлап, көзілдірік тағып жүргендері қаншама? Омыртқаның қисаюы, мінез-құлықтың бұзылуы сынды сырқаттардың да – себебі сол. Тығырықтан шығар жол қайсы? Әрине, балаларды кішкентай кезінен спорттық үйірмелерге беру, соның ішінде ойлауды үйрететін …

Ойлауды үйрететін ойын Read More »

Еңбегін елге арнаған

Құдай тағала адам баласына түрлі тағдыр жазады ғой. Өмірде болатын небір адам сенгісіз оқиғалар мен сәтсіздіктерді де тағдырға жорып жатамыз. Өмірін еліне арнап, ар­тында бай өмірбаяны қалған жандарды – тағдырлы адам деуі­міз де бекер емес. Өмір болған соң түрлі жағдайлар орын ала­ды. Біреулер жас шағында қыршынынан қиылса, кей адам­дар ұзақ жасап, өмірдің ыстық-суығының бәрін көреді. …

Еңбегін елге арнаған Read More »

Дәстүрден — тағылым

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдас­ты­руымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Дәс­түр­ден – тағылым” атты байқау өтті. Іс-шара ұлттық құндылықты насихаттауды, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін дамытуды көздеді. Байқауда аудандар мен Пет­ропавл қаласындағы мемлекеттік орган қызметшілері бақтарын сынады. Байқау талабы бойынша әр ұжым қазақ халқының салт-дәстүрінен сахналандырылған қойы­лым көрсетті. Ұлттық киім, қолда­нылатын декорация …

Дәстүрден — тағылым Read More »

Бірыңғай кеңес беру күні

Бірыңғай кеңес беру күніне орай петропавлдық жастар ерекше іс-шара ұйымдастырды. Олар кәсіп­керлер палатасының, емханалардың, жұмыспен қамту орталығының және “Отбасы банк” облыстық фи­лиалының өкілдерін бір жерге то­ғыстырып, тұрғындармен тілдестір­ді. Таңдалған тақырып – қыз-жігіттерді кеңес беру арқылы еңбекпен қамту. Сонымен қатар игі бастама аясында баспаналы болудың мүмкіндіктері баян етілді. – Маған бұл мәселе бойынша бі­раз адам жүгінді. …

Бірыңғай кеңес беру күні Read More »

Қулыкөлдегі қуаныш

Облыс орталығынан шалғайда орналасқан Ақжар ауданындағы Қулыкөл ауылында тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды. Жалпы аумағы 90 шаршы метрден асатын екі бөлмелі үй барлық коммуникациялармен жабдықталған. Құрамына екі елді мекен кіретін Қулыкөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы енді осы үйде тұрып, қызметін де атқара алады. Елді мекеннің тұрмысына бейжай қарамайтын ауылдықтар осы үйдің салынуына ұйытқы …

Қулыкөлдегі қуаныш Read More »

Уәдені орындау — парыз

Бес жылдық сайлауалды уәделерін іске асыру үшін аманаттықтар бес бағыт бойынша 120 іс-шарадан тұратын жол картасын әзірледі. Оның 112-сі биыл жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы “AMANAT” партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Болат Данияров баяндады. Жол картасының басым бағыты – тұрғындардың табысын арттыру. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін 42 іс-шараны іске асыру жоспарланған. Алдағы бес …

Уәдені орындау — парыз Read More »

Тариф қымбаттауы мүмкін

Елімізде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57 пайызы және су құбыры желілерінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Тариф өзгермесе, бұл монополиялық субъектілердің қызмет көрсету сапасына әсер етеді. Елімізде қолға алынған “Тарифті инвестицияларға айырбастау” тарифтік саясатын солтүстікқазақстандық төрт монополиялық субъекті де қолдап отыр. Осы орайда “Севказэнерго” және “Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясы” акционерлік қоғамдары …

Тариф қымбаттауы мүмкін Read More »