«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көше кезген жасөспірім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында үш күндік “Жас­өспірім” жедел-алдын алу іс-шарасы өтті. Тәртіп сақ­шылары түн­де көшелерді, кө­ңіл көтеру орында­рын және жастар жиналуы мүмкін жерлерді тексеріп, рейд ұйымдастырды.

Осы аралықта облыста түнде жал­ғыз жүрген жасөспірімдерге қат­ысты 125 факті анықталды. Барлық жағдайда ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ іс-шара кезінде із-түссіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім табылды. Ажырасқан ерлі-зайыптының ұлы туысының үйінде тұрған, бірақ одан кетіп қалған. Уайымдаған әйел полицияға хабарлады.

– Жасөспірімді 9 маусымға қара­ған түні жедел уәкілдер тауып алды. Ол қала көшелеріне шығып, қаңғы­бастыққа салынған. Қызылжар ауда­нының Архангелка ауылындағы өмір­лік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына ор­на­ластырылды. Оған қатысты материалдарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қарау жоспарланып отыр, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp