«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәстүрден — тағылым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдас­ты­руымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Дәс­түр­ден – тағылым” атты байқау өтті. Іс-шара ұлттық құндылықты насихаттауды, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін дамытуды көздеді.

Байқауда аудандар мен Пет­ропавл қаласындағы мемлекеттік орган қызметшілері бақтарын сынады. Байқау талабы бойынша әр ұжым қазақ халқының салт-дәстүрінен сахналандырылған қойы­лым көрсетті. Ұлттық киім, қолда­нылатын декорация тақырыпқа үйлесуі керек.

Сайыс екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінде қатысушылар конкурсқа ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір видеоматериал ұсынды.

“Шашбау тағу” дәстүрін көр­сеткен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шығармашылық ұжымы 1 орынды иеленді. “Беташар” сал­тын көрсеткен Мағжан Жұмабаев ауданының мамандары екінші орынға лайық деп танылды. Үшін­ші орындарға “Бесікке салу” дәс­түрін көрсеткен Тайынша ауданы мен “Тұсау кескен” Жамбыл ау­даны лайық деп танылды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp