«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Пайдасы мол жәрмеңке

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазір республика көлемінде “Tulga Bol” жылжымалы жәрмең­кесі өтіп жатыр. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында тү­лектерді және жастарды жұмыспен қамтуға арналған жәрмеңке біздің өңірде де ұйымдастырылды.

Жастарды әлеуметтендіруге ба­ғытталған шара әрбір аудан, қа­лада халық көп шоғырланған орын­дарда жастар ресурстық орталықта­ры және арнайы кеңес беруші мамандардың қатысуымен өтіп жатыр. Оның аясында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдасты­ры­лады, мемлекеттік бағдарлама­лар мен жобалар бойынша кеңес беріледі, құқықтық, психологиялық көмек көр­сетіледі, жастарға және жас отба­сыларға тұрғын үй алу мүмкіндігі түсіндіріледі, кәсіпкерлік негіздері бойынша ақпарат айтылады.

Жәрмеңке ұйымдас­тырушыларының айтуынша, қазір өңір­де жас мамандар тапшы. Ал жас­тарды лайықты жұмыстан бөлек баспана мәселесі толғанды­рады.

– Қазіргі уақытта жастармен кездесулер өткізіліп жатыр. Олар көп ақ­параттан бейхабар. Біреуінің оқу­дан, екіншісінің жұмыстан қолы боса­майды, теледидар қарамайды, га­зет оқымайды. Сондықтан елде жү­зеге асырылып жатқан түрлі бағ­дарламалардан бейхабар. Жас­тар арасында пайдалы ақпараттар­ды тарату үшін әлеуметтік желідегі белсенділікті арттыру керек. Әлеуметтік желілерде де бос жұмыс ор­ындары жайлы ақпарат аз, – дейді қоғамдық даму және ақпарат ор­талығының бөлім нұсқаушысы Сәлім­хан Сәбитов.

Республикалық “Tulga Bol” жыл­жымалы жәрмеңкесі бір айға жал­ғасады. Шара өңіріміздің барлық ау­данын қамтиды. Кейін консульта­ция алған жастарға шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Нұрай ЕСІЛБАЙ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp