«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 19, 2023

Шекті ұпай белгілі

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады. Министрліктің шекті ұпайлары өз­­герген жоқ. “Құқық” жəне “Педаго­гикалық ғылымдар” білім беру са­ла­лары үшін кемінде 75 балл, “Ден­саулық сақтау жəне əлеуметтік қам­та­масыз ету (медицина)” бағыты үшін кемінде 70 балл, “Ауыл ша­руашылығы жəне биоресурстар”, “Ве­теринария” …

Шекті ұпай белгілі Read More »

Жөнделген жол сапалы ма?

Сын көп айтылатын саланың бірі – жол құрылысы. Себебі күрделі жөндеуден өткен жолдар ұзаққа бармай, шұрық-тесік болып қалатыны жасырын емес. Осы ретте “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” РМК-ның облыстық филиалы жөнделген жолдардың сапасын ұдайы тексеріп отырады. Жылда облыс орталығының көшелерін жөндеуге қомақты қаржы бөлінеді. Тапсырысты сапалы орын­дау – мердігерге абырой. Жол қозғалысын бөгемес үшін тынымсыз …

Жөнделген жол сапалы ма? Read More »

Бай мұрамызды би арқылы дәріптеді

Жергілікті “Туған жер” би ан­самблі Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласында өткен халықаралық би фестиваліне қатысып қайтты. Ко­реядағы ең танымал Хауэндэ жаға­жайында би билеп, ерекше әсер алған жерлестеріміз өз қуанышта­ры­мен бөлісті. – Бұл өте қызықты сапар болды. Маған қатты ұнады. Өзге ұлттың бишілерімен өнер жайлы емен-жарқын әңгімелестік. Олар өз тәжі­рибелері мен жеткен жетістіктері туралы айтып берді. …

Бай мұрамызды би арқылы дәріптеді Read More »

Пайдасы мол жәрмеңке

Қазір республика көлемінде “Tulga Bol” жылжымалы жәрмең­кесі өтіп жатыр. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында тү­лектерді және жастарды жұмыспен қамтуға арналған жәрмеңке біздің өңірде де ұйымдастырылды. Жастарды әлеуметтендіруге ба­ғытталған шара әрбір аудан, қа­лада халық көп шоғырланған орын­дарда жастар ресурстық орталықта­ры және арнайы кеңес беруші мамандардың қатысуымен өтіп жатыр. Оның аясында бос …

Пайдасы мол жәрмеңке Read More »

Сырлы суреттер

Осыдан отыз жыл бұрын Ермек Серкебаев атындағы өнер коллед­жі­нің қабырғасында бейнелеу өнері бө­лімі ашылған болатын. Содан бері бұл бөлімде талай талантты жас бі­лім алып, сурет салудың қыр-сырын меңгерді. Колледжді тамамдаған қыл­қалам иелері бүгінде көп­шілікті өзде­рінің тың туындылары­мен қуантып жүр. 1993 жылдан бері тү­лектердің 26 легі түлеп ұшып, 149 ма­ман даярланды. Осы күні оқып жүр­ген жастардың …

Сырлы суреттер Read More »

Ризабек – Азияда теңдессіз

Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында еркін күрестен Азия біріншілігі өтті. Жерлесіміз, Уәлиханов ауданының ту­масы Ризабек Айтмұхан өз салмағында сарықұрлықтың үздік ба­луаны атанды. Еркін күрестен Азия чемпиона­тына 23 жасқа дейінгі жас спорт­шылар қатысты. Байрақты бәсеке­де ол 92 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыста Ризабек Айт­мұхан 4 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. – Ризабектің бірінші қарсыласы Үндістан …

Ризабек – Азияда теңдессіз Read More »

Жол апаты бес адамның өмірін қиды

16 маусым күні таңғы сегіз ке­зінде Тайынша ауданы Аймақ ауы­лының маңындағы “Көкшетау – Омбы” автожолының 53-ші шақырымында “Lexus” және “ВАЗ-2104” машина­лары соқтығысқан. “Lexus” автома­шинасы Көкшетау қаласынан келе жатқан. Жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қайтыс бол­ды, оның екеуі қос автокөліктің жүр­гізушілері. Ал жарақат алған екі адам медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауру­ханаға жеткізілді. …

Жол апаты бес адамның өмірін қиды Read More »

Мұғалімнің тірегі – терең білім

Қоғамның ұстыны болып, кейінгі буынға бағыт беретін басты тұлға – мұғалім. Ұлттың болашағы ұстаздарымыздың мектеп қабырғасында берген тәрбиесіне тікелей байланысты. Ұрпақ тәрбиесіне баса мән берген Алаш арысы Мағжан Жұмабаев өзінің “Педагогика” еңбегінде “Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер”, – дей келе, осынау “ауыр өнерді” меңгеру …

Мұғалімнің тірегі – терең білім Read More »

АЛТЫН ҒАСЫРДЫҢ ӘН ДІҢГЕГІ

Биыл атақты әнші, композитор, ақын Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толады. Алты Алашты әнімен тербеген дауылпаз тұлға Айыртау ауданындағы Үлкен Қоскөлдің маңында дүниеге келген. Бабамыздың ғұмырдариясына терең бойласақ, оның жастайынан білімге, өнерге құштар болғанын, әуелі ауылдан, кейін Қызылжардағы Уәли молдадан білім алғанын білеміз. Ақан серінің әр шығармасынан өмір жолының қалай өрілгенін бай­қауға болады. …

АЛТЫН ҒАСЫРДЫҢ ӘН ДІҢГЕГІ Read More »

Сертке берік бол, сардар!

Облыс орталығының басты алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов, облыс әкімі Айдарбек Сапаров, Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов және Тәжікстан Республикасы ішкі әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Сухроб Орзу Рауфзода қатысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы қаулысымен Петропавл …

Сертке берік бол, сардар! Read More »

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ АДАЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ Құрметті қауым! Сөз басында  бірден атап өтейін, меніңше, Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сән-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған. Бүгінгі құрылтайдың отырысы еліміздегі қайғылы оқиғадан кейін өтіп жатыр. …

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ АДАЛ АЗАМАТТАР ҚҰРАДЫ Read More »