«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сырлы суреттер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан отыз жыл бұрын Ермек Серкебаев атындағы өнер коллед­жі­нің қабырғасында бейнелеу өнері бө­лімі ашылған болатын. Содан бері бұл бөлімде талай талантты жас бі­лім алып, сурет салудың қыр-сырын меңгерді. Колледжді тамамдаған қыл­қалам иелері бүгінде көп­шілікті өзде­рінің тың туындылары­мен қуантып жүр. 1993 жылдан бері тү­лектердің 26 легі түлеп ұшып, 149 ма­ман даярланды. Осы күні оқып жүр­ген жастардың да аяқ­алысы жақсы. Олардың алды ірі байқауларда топ жа­рып, елге сурет өне­рінің құдіретін та­нытып келеді. Да­рынды студенттер облыс орталығында сурет көрме­сін ұйымдастырып, келушілерге өз жұ­мыстарын паш етті.

– Көрмеге елуге жуық туынды қойылған. Суретші өзі көрген дүниені дәл сол қалпында сала салмайды. Оны қиялымен ұштастырып, же­тілдіріп шығарады. Біздің студент­те­ріміз де қарапайым пейзаж, на­тюр­морттардың өзін түрлендіріп салуға тырысады. Бейнелеу өнері бө­лімінің студенттері республикалық, халықара­лық көрмелер мен шы­ғар­машылық байқауларға өз жұмыста­рын жиі ұсынып келеді, – дейді колледж оқытушысы Людмила Гатыч.

Түрлі жанрдағы сан түрлі сурет­тердің арасында ұлттық нақышта салынғандары да бар. Асылжан Қаз­бек өзінің көрмеге қойған екі карти­на­сын салуға бірнеше ай уақытын жұм­саған. Бірінші суретінде бойынан ұлт­тық болмысы танылған қазақтың сұлу қызы бейнеленсе, екіншісінде қол­өнершілер көрініс тауыпты. Кішкентай кезінен бері қылқаламды жанына серік еткен бойжеткен болашақта бұл ісін жалғастырып, сурет арқылы ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді қағаз бетінде қалдыру­ды мақсат етіп отыр.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp