«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шекті ұпай белгілі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады.

Министрліктің шекті ұпайлары өз­­герген жоқ. “Құқық” жəне “Педаго­гикалық ғылымдар” білім беру са­ла­лары үшін кемінде 75 балл, “Ден­саулық сақтау жəне əлеуметтік қам­та­масыз ету (медицина)” бағыты үшін кемінде 70 балл, “Ауыл ша­руашылығы жəне биоресурстар”, “Ве­теринария” салалары үшін кемін­де 60 балл, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындары­на түсу үшін кемінде 50 балл жинау керек. Əр пəн бойынша шекті балл – 5.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап академиялық еркіндік шең­берінде жоғары оқу орындары ақылы негізде де, грант бойынша да оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның өз шекті балдарын белгілеуге құқылы. Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын талапкерлерге ыңғайлы болу мақсатында еліміздің барлық жоғары оқу орнының шекті балда­рын ортақ тізімде ұсынады. Бұл деректер оқу орындарының веб-сайттарында да қолжетімді.

– Мысалы, бір түлек Матема­тика пəнінің мұғалімі болғысы келеді делік. Ол ҰБТ-да жинаған 80 балымен грант конкурсына немесе Еуразия ұлттық университетінің ақылы бөліміне тапсырғысы ке­леді. Өздеріңіз білетіндей, “Пе­дагогикалық ғылымдарға” шекті балл кемінде – 75 балл, ал ұлттық жоғары оқу орындарына – кемінде 65 балл. Түлектің жинаған балы оқуға қабылдау үшін жетіп тұр. Алай­да бұл университеттегі оның оқығысы келетін мамандыққа шекті балл 90-нан басталады. Демек тү­лекке 80-нен төмен шекті балдары бар басқа университетті іздеу ке­рек. Сондықтан оқуға құжаттарды тапсырар алдында талапкерлер жоғары оқу орындарының шекті балдарын білуге тиіс, – дейді Ұлт­тық тестілеу орталығының дирек­торы Руслан Емелбаев.

2023-2024 оқу жылына арнал­ған мемлекеттік білім беру тапсы­рысы орналастырылатын жоғары оқу орындарының тізімі жақын уа­қытта жарияланады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp