«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бай мұрамызды би арқылы дәріптеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жергілікті “Туған жер” би ан­самблі Оңтүстік Корея елінің Пусан қаласында өткен халықаралық би фестиваліне қатысып қайтты. Ко­реядағы ең танымал Хауэндэ жаға­жайында би билеп, ерекше әсер алған жерлестеріміз өз қуанышта­ры­мен бөлісті.

– Бұл өте қызықты сапар болды. Маған қатты ұнады. Өзге ұлттың бишілерімен өнер жайлы емен-жарқын әңгімелестік. Олар өз тәжі­рибелері мен жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Сахнаға шық­пас бұрын ағылшын тілінде сөйле­сіп, бір-бірімізге сәттілік тіледік. Елге қайтар жол қиындау болды. Себебі барлығымыз шаршаған болуымыз керек. Дегенмен шығармашы­лық шабыт пен тәжірибе жинап қайт­тық, – дейді “Туған жер” би ансамблі­нің бишісі Виктор Романенко.

Қатысушылардың дені заманауи үлгідегі би қойылымын қойған. Көрермендер жерлестеріміздің қазақы оюмен өр­нектелген киім үлгісіне таңданыс біл­діріпті. Әсіресе “Қара жорға” туындысы ше­телдіктердің көңілінен шық­қан. Ашық аспан астында би­шілер тоқтамастан 15 минут өнер көр­сетіпті. Өнерпаздар би арқылы қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін көрсетуге тырысқан.

– Корей елі бізді жылы қарсы алды. Фестивальді жоғары деңгейде ұйымдас­тырыпты. Біздің өнерімізге қатысты жа­қсы пікірлер айтылды. Біз қа­зақ халқының бай рухани мұрасын би тілімен жеткізу үшін барымызды салдық, – дейді “Туған жер” би ан­самблінің балетмейстері Самат Жұ­мажанов.

Бұл “Туған жер” би ансамблінің шетелге шыққан алғашқы сапары емес. Бұған дейін Түркия, Словения, Хорватия мен Өзбекстан елдерінде өнер көрсеткен. “Туған жер” Пусандағы халықаралық фести­вальға Қазақстаннан барған жалғыз ансамбль болғанын айта кеткен жөн.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp