«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол апаты бес адамның өмірін қиды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

16 маусым күні таңғы сегіз ке­зінде Тайынша ауданы Аймақ ауы­лының маңындағы “Көкшетау – Омбы” автожолының 53-ші шақырымында “Lexus” және “ВАЗ-2104” машина­лары соқтығысқан. “Lexus” автома­шинасы Көкшетау қаласынан келе жатқан.

Жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қайтыс бол­ды, оның екеуі қос автокөліктің жүр­гізушілері. Ал жарақат алған екі адам медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауру­ханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды. Көлік құралдары мамандандырылған автотұраққа қойылды.

Осы оқиғаға қатысты Қылмыс­тық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (“Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет”) сотқа дейінгі тер­геп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp