«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ризабек – Азияда теңдессіз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қырғызстанның астанасы – Бішкек қаласында еркін күрестен Азия біріншілігі өтті. Жерлесіміз, Уәлиханов ауданының ту­масы Ризабек Айтмұхан өз салмағында сарықұрлықтың үздік ба­луаны атанды.

Еркін күрестен Азия чемпиона­тына 23 жасқа дейінгі жас спорт­шылар қатысты. Байрақты бәсеке­де ол 92 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жарыста Ризабек Айт­мұхан 4 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

– Ризабектің бірінші қарсыласы Үндістан елінің өкілі болды. Кейін ұлым Түркіменстаннан келген спорт­шымен күресті. Жартылай фи­налда моңғолиялықты ұтып, ақтық сында қырғызстандық балуанмен кездесті. Оны жеңіп, алтыннан алқа тағынды, – дейді Ризабек Айтмұханның әкесі Қанат Жолдасбай.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp