«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жасыл желек – жанға сая

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар – аққайыңдар өлкесі. Қазіргі таңда елімізде орман­ды алқапты сақтауға қатысты түйт­кілді мәселелер бар екені жасырын емес. Әсіресе жыл өткен сайын жа­сыл желектің азайып бара жатқаны мамандарды ғана емес тұрғын­дарды да алаңдатып отыр. Осы ретте елімізде “Жасыл Қазақстан” ұлттық жобасы қолға алынған бо­латын. Жоба аясында екі жылдың ішінде елде 400 млн.-нан астам кө­шет отырғызылмақ. Соңғы Жолда­уында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 млрд. түп ағаш егуді тапсырды. Президент іске немқұрайлы қарауға болмайтынын, ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, ормандарға кәсіби талдау жүргізу қа­жеттігін айтты.

Табиғаттың берген бұл сыйын аялау, қорғау, күтіп-баптауда ор­маншылардың еңбегі ерен. Есіл ауданындағы орманшылар табиғат байлығын молайтып, орманды ал­қапты кеңейту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Қазір ауданда аумағы 3 гектардай тәлім­бақ бар. Биыл көк­темде қызметкер­лер бақтың бір бөлігіне қарағай тұ­қымын еккен. Тұқымдар тамыр жайыпты. Енді екі жылдан кейін көшеттер пайда болады. Олар өр­тенген және ке­сілген ормандардың орнына егіледі.

– Қазір тәлімбақтың бір бөлі­гінде екі жылдық 360 мың түп қайың көшеті өсіп тұр. Біз оларды күзде қазып алып, өртенген ағаштардың орнына егеміз. Есіл орман шаруа­шылығының жалпы ауданы 32 мың гектарды құрайды. Биыл 347 гек­тарға көшет екпекшіміз. Есіл ауда­нында барлығы – 24 орманшы қызмет етеді, – дейді Есіл орман шаруашылығының бас инженері Олег Девятайкин.

Ағаш бір жылда өсіп-жетілмейді. Оның бой түзеп, жапырағы жайқал­ған мәуелі ағашқа айналуы үшін бірнеше жыл керек. Сондықтан орманшылар тұрғындарды табиғат­ты аялауға шақырады.

Ақбота ҚАБДҰЛМӘЖІТ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp