Облысымызда 7183 азаматтық қару иесі тіркелген. Қаруды ұрлап кету және оны қолданып қылмыс жасаудың қаупін азайту үшін полицейлер “Қару иесі” акциясын өткізіп жатыр. Оған криминалдық, әкімшілік, жергілікті полиция қызметі мен басқа да бөліністердің мамандары қатысуда. Акция басталғаннан бері 1313 қару иесі тексеріліп, 58 құқық бұзушылық анықталды, оның 47-сі қаруды сақтау ережелерін бұзғандар, қаруды қайта тіркеу мерзімдерін өткізіп алғандар.
Сондай-ақ акция өткен уақытта екі петропавлдық полицияға тіркелмеген қару әкеліп тапсырды. Олардың біреуі орманда тауып алған 12-ші калибрлі “ТОЗ” тегіс ұңғылы мылтығын әкелсе, екінші қала тұрғыны үйінің жанында травматикалық тапанша жатқанын айтып хабарласқан. Заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсырғандықтан олардың екеуі де жауапкершіліктен босатылды.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.