«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түрмеге телефон кіргізбек болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақтөбе облысының тұрғыны өңір­дегі қылмыстық атқару жүйесінің №51 қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 4 ұялы телефон кіргізбек болды.

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мекеме қызметкер­леріне құқық бұзушы жайында жедел ақпарат түскен. Сотталғанға сәлемдеме беру кезінде мамандар спутник­тік антеннаға арналған тюнерден “Samsung” маркалы 4 ұялы телефон және “Altel” ұялы байланысының 1 симкартасын тәркіледі. Тыйым салынған заттар қуат көзі муляжында жасырылған екен.

Сәлемдеме тонау қылмысы үшін жа­засын өтеп жатқан сотталғанға ар­налған. Заңды бұзған әйелге қатысты материал жиналып, тиісті шешім қа­былдау үшін тұрғылықты жері бойынша сотқа жіберілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес ол ескерту алуы немесе 10 айлық есептік көрсеткіш – 34500 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімші­лік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жалпы биыл жыл басынан об­лыстық қылмыстық-атқару жүйесі де­партаментке бағынысты мекемелердің қызметкерлері түрмеге заңсыз кіргізбек болған 60 ұялы телефонды тәркіледі.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp