«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағылымды кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық қауіпсіздік коми­теті облыстық департаментінің мамандары ақын, жер­ле­сіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдас­тырды.

Іс-шараға белгілі қоғам қайрат­кері, журналист-жазушы, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов қатысып, мағжантану ісінің қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

– 1988 жылы Мағжан ақталғаннан кейін маған сол кездегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің об­лыс­тық департаменті төрағасының орын­басары, полковник Едіге Қайырбе­ков телефон шалып, кеңсесіне шақырды. Ертеңіне бар­ғанымда Мағ­жан Жұмабаевтың ісін ұсынды. “Осыны бірінші рет мұрағаттан тауып алдық, ол әлі еш­кімнің қолына тиген жоқ. Осы істі сізге ұсынайын деп отыр­мын. Іспен танысып көріңіз, халыққа Мағжан­ның шындығын жеткізудің мүмкін­дігі туып отыр”, – деді. Әрине, бірден келісімімді бердім. Ол мекеменің ішінен ешқандай құжатты алып шығуға болмайды, сонда апта­лап жүріп, өзіме қажетті жерлерін жазып алып, Мағжанмен алғаш осылай таныстым, – деді Жа­рас­бай Қабдоллаұлы.

Қызылжардағы медреседе Мағжан ақын Ермек Серкебаевтың әкесімен бірге оқиды. Сол кезде екеуі ауылға атпен барады екен. Әкесінің Сәрсенбай деген атқосшы­сына арнап “Айда атың­ды, Сәрсен­бай!” деп өлең жазып, жұртқа оқып береді. “Ол біреуге айтылған арнау емес, елге деген сағыныш, алып-ұшқан жүрегінің лүпілі іспетті өлең”, – деді кеш мейманы.

Департамент қызметкерлері жазушыға көкейлерінде жүрген сұрақ­тарын қойып, тұшымды жауап алды. Кейін бір топ қызметкер ақиық ақынның “Мен кім?!”, “Сүйемін”, “Сағындым” тағы да басқа жалынды өлеңдерін оқып берді. Жиын соңында Жарасбай Сүлейменов Мағжан жайлы жазған бірнеше кітабын сыйға тартты.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp