«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 24, 2023

Тағылымды кездесу

Ұлттық қауіпсіздік коми­теті облыстық департаментінің мамандары ақын, жер­ле­сіміз Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдас­тырды. Іс-шараға белгілі қоғам қайрат­кері, журналист-жазушы, облыстың құрметті азаматы Жарасбай Сүлейменов қатысып, мағжантану ісінің қалай жүргізіліп жатқанын айтты. – 1988 жылы Мағжан ақталғаннан кейін маған сол кездегі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің об­лыс­тық департаменті төрағасының орын­басары, полковник Едіге Қайырбе­ков телефон …

Тағылымды кездесу Read More »

Ұлтын сүйген ұлы жүрек

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай “Ұлтын сүйген ұлы жүрек – Мағжан” атты көрме өтуде. Оны тамашалаған жерлестеріміз бен қала қонақтары ақынның қилы өмірі мен бай шығармашылық мұрасына қанығуда. Өркениеттің өріне шыққан халық Мағжан секілді ақындарының шы­ғар­машылығын ғана емес, өнегелі өмірін, тағылымды тағдырын, қоғамдық істері мен әрекеттерін, атқарған …

Ұлтын сүйген ұлы жүрек Read More »

Айтылмаған ақиқат

Қазақтың ұлы ақыны, азаттық үшін күресте жанын қиған аяулы ұл­дарының бірі – Мағжан Жұмабаев­тың ардақты аты арамызға оралғалы отыз жылдан асты. Мағжан біздің заманымыз үшін де “Жастардың ой-санасының әміршісі” (С.Сәдуақасов) екенін өз халқы ғана емес бүкіл түркі әлемі мойындап отырғанын биылғы мерейтойын атап өту барысында көріп отырмыз. Биылғы мерейтой тек той тойлап, жиындар өткізуге ғана …

Айтылмаған ақиқат Read More »

“Бұйырса шырақ сөнбес, ұзақ жанар”

Бүгін ұлылар мекені атанған қасиетті Қызылжарда ұлтымыздың ұлы ақыны, бүкіл түрік дүниесі танып, ақындығын мойындаған Мағжан Жұмабаевтың мерейтойын атап өтуге асу-асу белдерден асып, алыстан ат терлетіп жетуіміздің мән-мағынасы те­реңде жатыр. Арманда кеткен асылды ардақтап, рухына бас иіп, мәңгілік творчествосын әлі де оқып-біліп үйренуге ұмтылуымыздың бір парасы осы жиында айтылады деген ізгі үмітпен келдік. Халқымыздың аузында …

“Бұйырса шырақ сөнбес, ұзақ жанар” Read More »

Сарқылмас қазына

Биыл туғанына 130 жыл толып отыр­ған ұлы ақынымыз Мағжан – қа­зақ поэзиясының шолпан жұлдызы. Ұлы Мұхтар Әуезовтің сонау 1923 жылы былай деп жазғаны бар: “Мағ­жан – мәдениеті зор ақын. Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан бас­қамыздың бәріміздікі …

Сарқылмас қазына Read More »

“КӨКТЕ КҮНМІН, КӨПКЕ НҰРЫМ ШАШАМЫН”

ХХ ғасырдың алғашқы ширегі – қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл түркі әлемі әдебиетінде әртүрлі идео­логиялардың ықпалымен со­циа­листік тақырыптардың қарқын­ды түрде орын алған кезеңі. 1905 жыл­ғы Ресей конституциялық мо­нар­хиясы­нан кейін пайда болған са­лыстыр­ма­лы еркіндік ортасы пат­ша­лық Ресей билігіндегі түркі ха­лық­тарының сая­си және әдеби тұр­ғыдан да жаңа дә­уірге қадам ба­суына мүмкіндік берді. Патша үкіме­тінің қысымы азайған кезде …

“КӨКТЕ КҮНМІН, КӨПКЕ НҰРЫМ ШАШАМЫН” Read More »

Алаштың жарық жұлдызы

Замана көші жылжыған сайын кезінде дүниені дүр сілкіндірген ғаламат оқиғалардың да ақырындап ізі өше бастайды. Сондай-ақ сол оқиғалардың бел ортасында жүрген тарихи тұлғалардың да аты ұмытылуға айналып немесе бір кездегі халықтық салмағы жеңіл тартып, қоғамдық аренадан төмен түсіп, сырғи бастайтыны байқалады. Бірақ уақыт сынына төтеп бере алатын, көмескі тартпақ түгілі, жылдан-жылға, күннен-күнге бейнесі жарқырай түсетін, …

Алаштың жарық жұлдызы Read More »

Мағжан мен Марғұлан

Мағжан Жұмабаев пен Әлкей Марғұланның қарым-қатынасының кейбір тұстары бізге беймәлім. 2018 жылы шыққан Мағжан Жұмабаев энциклопедиясында (бас редакторы Жарасбай Сүлейменов) “М.Жұмабаев абақтыға қамалғанда Ә.Марғұлан оған тамақ жеткізіп, сонымен қатар ақынның жары Зылиқаға да жәрдемдескен. Ұлы ақын 2-ші рет ұсталғанда: “Маған досым әрі жанашырым Әлкей Марғұланов келіп тұрды”, – ол “шизофрениямен ауырып, психологиялық ауруханаға түскенін” тергеушілерге …

Мағжан мен Марғұлан Read More »

ЖҮРЕГІНДЕ ЕЛДІҢ ОТ БОП МАЗДАҒАН

Тек Қызылжар жұртын ғана емес, барша қазақ елін дүбірге бөлеген Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы ақынның туған өлкесінде ерекше аталып өтілуде. Мерейлі күнге орай қазақтың қабырғалы қаламгерлері мен қаламы қуатты ғалымдарының басы облыс орталығында түйісті. Олар “Мағжан Жұмабай – Тұран өркениеті мен Алаш идеясының ұлы жыршысы” атты халықаралық конференцияда бас қосты. Шара қонақтары, ең алдымен, …

ЖҮРЕГІНДЕ ЕЛДІҢ ОТ БОП МАЗДАҒАН Read More »

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ

Алты Алаштың ақиық ақыны, жерлесіміз Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай өңірімізде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтуде. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық сазды-драма театрының жаңа ғимаратында ұйымдастырылған халықаралық ақындар айтысына “Тұранның тұғырлы тұлғасы” деген айдар тағылды. Өңір тұрғындары жыр барымтасына асыға жетті. Қалың көрермен театр ғимаратына симай, ақындардың өнеріне тік тұрып, қол соқты. Айтысқа Монголия, Қытай, Қырғызстан, …

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ Read More »