«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Санаулы күндер қалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінге дейін өңірде 7495 шетел­дік автомобиль заңдастырылды, оның ішінде 88-і елге қосалқы бөл­шек түрінде әкелінген. Үкімет қо­салқы бөлшек түрінде әкелінген автомобильдерді 5 жыл мерзімге уақытша есепке алуға рұқсат берді.

1 шілдеде шетелдік тіркеудегі ав­токөлікті заңдастыру рәсімі аяқта­ла­ды. Осы аралықта көлік заңдас­тыру шарттары бойынша мемлекет­тік тіркеуден өтуі тиіс немесе ел­­ден шығарылады. Көлікті осы уа­қыт­қа дейін заңдастырмағандар 1 шіл­де­ге дейін өтінім беріп үлгерсе, онда алаңдауға негіз жоқ. Қалған құ­жатта­рын кейін де рәсімдей береді. Сұрақтар туындаған жағдайда 32-00-22, 32-00-19 телефон­да­ры арқылы кеңес алу­ға болады.

– Автокөліктердің иелері 1 шіл­де­ге дейін “eGov.kz” порталы арқы­лы немесе екінші банк­тердің қо­сымшалары арқылы 1 шіл­деге дейін өтініштерін қалдыру керек. Осындай автокөліктерді 10 шілде­ден бастап есепке, уақытша есепке қою бас­талады. Айта кететін жағ­дай, мұн­дай автокөліктердің иелері бірінші алым үшін 200.000 теңге төле­мейді, – деді облыстық полиция де­пар­таментінің процес­сингтік орта­лы­ғының аға мемавто­инспекторы Қай­рат Сейітқұлов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp